Жамбылда жұмыс жүйелі  жүруде

Жаңалықтар
18.07.2016, 12:41

DSC_0033

Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Жамбыл станциясы өңірдегі ірі станцияның бірі. Станцияда 187 адам еңбек етеді. Сыныптан тыс станцияда күнделікті пойыздар қабылданып, жөнелтіліп отырады. Жұмыс ауқымды. Өйткені, станцияда жүк пойыздарымен қатар жолаушылар пойыздарына да қызмет көрсетіледі. Станцияда бес парк бар. Транзиттік паркте жолаушылар пойызы қабылданса, сұрыптау паркінде сегіз жол бар. Тәулігіне 18-19 пойыз жасақталатын станцияда 1200-1300 вагон сұрыптау дөңесінің «сүзгісінен» өтеді. Сондай-ақ, үш бағытта – Түлкібас, Шу, Қаратау – Жаңатас бағытына пойыздар жөнелтіп отыратын теміржолшылар жұмыс сапасына көңіл бөлген. Ал станция қызметкерлері әр аптаның дүйсенбісінде өтетін «Станция бастығының күнінде» жұмыс барысын пысықтап, өндірістік өнімділікті арттыруда етене жұмыс жасап отырған темір жол мекемелері өкілдерімен алдағы шараларды талқылайды. Дүйсенбі күні өткен шарада өткендегі «Станция бастығы күнінде» талқыланған мәселелердің орындалуы мен тапсырмалар қаралды. Және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін еңсерудегі өзге қызмет өкілдері мен станция қызметкерлерінің есебі тыңдалды. Болат жолдың жағдайы, сигнал беру және байланыс құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі, станция қызметкерлерінің технологиялық процестерді орындауы, пойыздар құрамын жасақтаудағы ережелердің сақталуы, пойыздар кестесінің орындалуы, қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі, техникалық оқу шаралары сынды мәселелер сөз болды. –Дүйсенбіде өткен Станция бастығының күнінде Ірілендірілген Жамбыл жол дистанциясының қызметкерлеріне «Терезе» беруде бақылауды күшейту тапсырылды. Ал «ЖамбылРемСервис» ЖШС өкілдеріне жөндеуден өткен вагондарды уақытылы тапсыру міндеттелді. Жамбыл локомотив пайдалану депосының қызметкерлеріне 21,22 жол бойын құмнан, өзге де қалдықтардан тазарту, Әскерилендірілген темір жол күзетінің сарбаздарына станция аумағындағы өткелдерден жаяу өткіншілердің қауіпсіз өту ережелерін назарда ұстауы тапсырылды. Сондай-ақ, қазір қала аумағында өтіп жатқан тазалық екі айлығына қатысу мақсатында сенбі сайын сенбіліктерге шығу тапсырылды. Станция бастығының күнінде берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты қадағаланып отырады, – дейді станцияны алты жыл басқарып отырған Талғат Тобышақов. Станция ұжымы биыл жыл басынан бері пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін  жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келеді. Теміржолшылар қауіпті аймақтарға қауіпсіздікті сақтау, темір жол бойында сақтық шараларын қолдануды ескерткен арнайы билбордтар, аншлаг іліп, станция аумағына жақын орналасқан тұрғындарға жадынамалар таратып отыр. Жамбыл вокзалына да арнайы аншлагтар ілінген. Жамбыл станциясының қауіпсіздік жөніндегі инженері Мұхтар Кирбаевтың айтуынша, станцияда жұмыс істеп жүрген жастардың өнертапқыштық ізденістері артып келеді екен. Олардың рационализаторлық ұсыныстары қаралымда жатқан көрінеді. «Жақында станция аумағында жолдың барлық мезгілінде және түнгі уақытта вагондардың тіркеу нөмірін анық көретін құрал ойлап тауып, арнайы ұсыныс жасадық. Қазір ол қаралымда. Егер бұл ұсынысымыз мақұлданып жатса, көп көмек болар еді» дейді инженер. Станция қызметкерлері биылғы көктемгі комиссиялық байқауда да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Ал 15 сәуір мен 15 мамыр айлары аралығында жарияланған «Жөнелтілетін жүктердің сақталуын қамтамасыз ету» айлығын жоғары деңгейде ұйымдастыруда станция басшылығы жоспарлы іс-шараларын бастап та кеткен.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл