Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және теміржол саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы Қостанай мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Сұлтан Балтайұлы Смамбаев марапатталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Марапат теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маманның көп жылғы жауапты еңбегі мен жоғары кәсіби даярлығын тану болды.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері теміржол желісінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.