Өндірістік аймаққа қызмет көрсетеді

Жаңалықтар
19.07.2016, 14:36
Оқуға 3 мин

DSC_0033

 Шымкент темір жолының Сайрам станциясы кешегі кеңес кезінде көлік дөңгелегін шығаратын атақты Шина зауытының өнімін тасымалдауға арналып салынған екен. Соңғы 7-8  жылдан бері осында құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ станцияның жұмысын қайта жандандырып,  келіп-кететін жүктерді қабылдап-жөнелтіп, тәп-тәуір көлем беріп отыр.      Сайрамнан кейін Тоғыс, Леңгір бекеттерінен соң жол тұйықталады. Сондықтан шағын бекеттегі 4 жолдан осы екі станция мен өндірістік аймаққа баратын жүк пойыздары ғана қатынайды.   –  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына Қазығұрт станциясынан жүк вагондары келеді. Аймақта ұн шығаратын үш диірмен бар. Солтүстіктен астық келсе, олар ұнға айналып Өзбек, Ауған жеріне жіберіледі. Біз негізінен жүкке тапсырыс  беруші клиенттермен жұмыс істейміз. Арасында құрылыс материалдары келіп түседі. Вагондарды Қазығұрт станциясы уақытылы берсе, әлгі индустриалды аймаққа кестеге сай жіберіп отырамыз. Аймақтан вагондар бірде босап шықса, келесіде жүк тиеліп шығады. Күніне 2-3 мәрте Қазығұрт тауынан 20 вагонға тас тиеліп, Шымкент цемент зауытына әкеледі. Кейде 30-40 вагонға дейін барады, – дейді Сайрам бекетінде 30 жылдан бері станция кезекшісі міндетін атқаратын Болатбек Әбдуәліұлы.   Станция бастығы Марат Арапханұлынан білгеніміздей, «Оңтүстік» АЭА мен станция арасындағы 4 шақырым жолда қоймадағы сегіз кірме жолдан вагондарды әрі-бері тасымалдап жүретін өздерінің екі тепловозы бар. Ал іштегі қоймаларды жекеменшік кәсіпорын иелері жалға алады.   Станцияны 2009 жылдан бері басқаратын  бекет бастығының айтуынша,   Индустриалды аймақ сол кездің алдында жүзеге асырылған жоба.  Кәсіпкерлер көбейген сайын, одан бері жүк тасымалы да артып отыр екен. Мәселен, 2015 жылы 1788 жүк тиеліп,  4902 вагоннан жүк түсірілген.  «КасымханГрэйн Продуктс», «Пионер Агро Ресурс» ЖШС, «Ұлы-Орда», «БИПЭК АВТО», «Зерде Керамика», «Стандарт Петролиум» сынды жекеменшік кәсіпорындар бекеттің жүк айналымын арттыруда. Негізінен жүк айналымына қан жүгіртетін – ұн болып отыр. Биылғы жылдың қаңтарында 138 вагон бидай түсіріліп, 58 вагонға ұн тиелді. Ақпанда 65 вагонға жүк тиеліп, 170 вагоннан жүк түсірілді. Наурыз айында 120 вагон бидай келіп, 96 вагонға өзге заттар тиелген. Қысқасы, алты айда 1056 вагонға жүк тиеліп, 2484 вагоннан жүк түсірілді.  Төртінші класты бекет үшін бұл аз жұмыс емес, – дейді бекет басшысы. Индустриалды аймақта бірқатар зауыттардың жұмысы қазіргі «өтпелі кезеңге» байланысты тоқтап тұр екен. Бұрын көбірек қара металл тиеліп, Өзбекстанға жіберілетін. Дегенмен, қазір де екі арматур шығаратын кіші зауыттар жұмыс істейді. Керамикалық плита, кафель шығаратын «Зерде» ЖШС-де ісі дөңгеленіп келеді деседі. Бүгінде төрт станция кезекшісі, екі жүк қабылдап-жөнелтуші, бір тауар кассирі еңбек ететін шағын бекетте 30-40 жылдан бері тер төгіп жүрген майталман мамандар жетерлік. Базарбай Қалмұрзаев, Болат Қалмұратов сынды станция кезекшілерімен қатар, Гүлболат Әжімбекова, Гауһар Оразалиева атты тауар кассирлері бекетте жастығын өткізіп, қарттығын қарсы алуда. Кейінгі мамандардың дені ­­– жастар екен.    Дүйсенбіде әдеттегідей станция бастығының шағын бөлмесіне жиналған ұжым, бекетегі жолшылар,  байланысшылар, вагоншылар бар, өткен апта жұмысын қорытындылып, алдағы аптаның жұмыстарын саралады. Жол шаруашылығына қатысты  17 ескерту, байланысшылар екі ескерту алған. Станция бастығы әңгімені сол кемшілікті қалпына келтіруге қатысты бастады.  Сонымен қатар, ескірген шпалдарды мерзімінде ауыстыру мәселесі сөз болды. Ауылды екіге бөліп тұрған темір жол ойын балалары үшін қауіпті.  Сондықтан, қауіпсіздік мәселесі болса-болмасын үнемі басты назарда. Оның үстіне белгілі бір кестеге бағытталмаған жүк пойыздары өтетіндіктен, бұл маңға қоршау жүргізу әзірге жоспарға енбеген. Бір қызығы Сайрамда пойыз құрастырушысы жоқ. Станция кезекшісі өзі оператор, әрі пойыз құрастырушы.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА,  Сайрам

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды