Мерекеде марапатқа ие болды

Жаңалықтар
28.10.2025, 09:30
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да тәуелсіздікті, егемендікті және халықтың бірлігін бейнелейтін мереке – Республика күні ерекше көңіл-күймен және патриотизммен атап өтілді.  

Мерекелік іс-шаралар жылы, шабыттандыратын атмосферада өтті. Болат магистраль қызметкерлері күшімен ұлттық сарында, шынайы қойылымдарға және Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жанды энергиясына толы жарқын концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның ерекше салтанатты сәті теміржол саласының дамуына ерекше үлес қосқан компанияның үздік қызметкерлері мен ардагерлерін құрметтеу болды. Теміржолшыларға адал еңбегі, кәсібилігі және адалдығы үшін марапаттар табысталды. Салтанатты кеште «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов құттықтау сөз сөйлеп, барша әріптестеріне ұлттық мерекеде табыс тіледі. Ол барлығы 35 теміржолшыға түрлі марапаттарын табыстады.  

Атап айтқанда, бұл қатарда «Ерен еңбегі үшін» медалімен Павлодар белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Азат Зайнетдинов, Балқаш белгі беру және байланыс дистанциясының техникалық құжаттама инженері Бейбіт Жабаев, Достық станциясының жүк және багажды қабылдап-тапсырушысы Айгүл Ибрайханова, Ақтоғай локомотив пайдалану депосының ТД-8 Достық тепловозының машинисі Жандос Сейілгазинов және басқалар бар.  

«І дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен зейнеткер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық ардагерлер кеңесінің өкілі Гүлнар Айтбекова, Семей магистральдық желі бөлімшесінің пойыз құрастырушысы Қайрат Қайырбеков «ІІ дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен және Ақмола магистральдық желі бөлімшесі Астана материалдық-техникалық жабдықтау базасының бастығы Бақыт Құлмамбетов «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен марапатталды. Бұл адамдар – елдің стратегиялық артериясын ұстап тұрған нағыз патриоттар. ҚТЖ-да Республика күнін мерекелеу – бұл жай ғана дәстүр емес, ел тарихына, оның құндылықтарына және магистральдың бүгіні мен болашағын құратын адамдарға құрмет көрсету.

Кеш одан әрі теміржолшылардан құралған концерттік бағдарламамен жалғасты. Тассай станциясының кезекшісі Асылан Серғалиев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» филиалының жолсерігі Ақниет Есбосынов «Самға, қазақ» әнін орындаса, «Бұл өмірде» әнін Қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлық аппаратының бас менеджері Алтынай Жатқанбаева, Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының менеджері Айжан Сейітбаева мен осы орталықтың кадр бөлімінің менеджері Ләйлә Мирзаулина айтып берді. Өзге де талантты теміржолшылар көпшілікті өнерімен тамсандырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.  

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты