ҚТЖ Бакуде өткен ТМД елдері Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

Жаңалықтар
26.11.2025, 08:11
Оқуға 2 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Баку қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Пленарлық отырыста саланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалып, теміржол тасымалдарының тиімділігін арттыру, цифрландыру, мемлекетаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды жақсарту бойынша бірлескен іс-қимылдар талқыланды. 

ҚТЖ-ның Кеңеске қатысуы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы, транзиттік әлеуетті дамытудағы және ТМД кеңістігінде интеграциялық шешімдерді ілгерілетудегі белсенді ұстанымын растайды.

Тараптар өңірдің теміржол саласын тұрақты дамытуға бағытталған әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.

Отырыс шеңберінде Бакуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының ТМД және Еуропа мемлекеттері теміржол әкімшіліктерінің негізгі әріптестерімен және өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.

Атап айтқанда, ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Наби оглу Набиевпен кездесті, оның шеңберінде ТХКБ бағыты бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту мәселелері, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының  мәртебесін арттыру туралы үкіметаралық келісімнің егжей-тегжейлері талқыланды. Сондай-ақ, Әзірбайжаннан Каспий теңізінде жүктерді тасымалдау үшін кемелер сатып алу, қазақстандық зауытта ӘТЖ қажеттіліктері үшін локомотивтер өндіру мәселелері талқыланды.

«Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Р.М. Рустамовпен келіссөздер жүргізілді, онда тараптар ТХКБ-ны дамыту және мультимодальды тасымалдау саласындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Беларусь темір жолының бастығы В. Е. Вереничпен жемісті диалогқа құрылған кездесулер өтті. Өткізу қабілетін арттыру, қозғалыс кестелерін синхрондау және шекарадағы рәсімдерді жеңілдету мәселелері талқыланды.

«Эстон темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы – Бас директоры К.Циммерманмен кездесуге ерекше назар аударылды, онда тараптар солтүстік бағыттағы мультимодальды маршруттар шеңберінде өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды