Магистральдық желі: Көктемгі байқау мәресіне жетті

Жаңалықтар
17.05.2016, 17:11
              Мамырдың бесінде Магистральдық желі дирекциясының барлық филиалында магистральдық желі нысандарына жүргізілген  көктемгі комиссиялық байқау аяқталды. Оның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты шаралар легі түзіліпті. Дирекция басшылығы алға тартқан мәліметтерге жүгінсек, көктемгі байқау барысында 21 мың негізгі жол, 6,5 мың шақырым станциялық жол, 11,9 мың түйіспесіз жол, 19 мың бағыттағыш бұрма және өзге де нысандар тексеріліп, 163 мың кем-кетік табылған, соның 53 пайыздан астамы жойылса, қазір де олқылықтың орнын толтыру жұмыстары жалғасуда екен.  Ал еңбек қорғау және қауіпсіздікке қатысты 4 мыңнан астам кемшілік анықталған, бүгінде оның 67 пайыздан астамы жойылыпты. Үстіміздегі жылы 341,4 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған.  Соның 240 шақырымнан астамы «Теміржол жөндеу» және «Компания «Жол жөндеуші» кәсіпорындарының қатысуы арқылы мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын болса, 100-ге жуық шақырым жолға жөндеу Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясының күшімен жүргізілмек. Осы арада, атап өтерлігі, шаруашылық тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстары барысында Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан шыққан отандық рельстер қолданылатын болады. Күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау барысында АСУ «Магистраль» мобильді кешенімен жолдың жоғарғы құрылымына жүргізілген диагностика қорытындылары есепке алынды. Нақтырақ айтсақ, 126 шақырым жол мобильді диагностикалық кешен деректері бойынша жоспарланды. Күнделікті және апталық қажеттіліктер бойынша  тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелеріне сәйкес, күрделі жөндеу жүргізу үшін 182  мың жаңа темір-бетонды шпал және оларға бекітпелерді жеткізу межеленіп отыр. Бүгін орта жөндеу жұмыстары басталды. Үстіміздегі жылы 300 шақырым жолды аталған жөндеу түрінен өткізбекпіз. Бұл жұмыстарды орындау үшін 9 мың ағаш шпал және 20 мың текше метр шағыл тас дайын тұр, – деген дирекция директорының бірінші орынбасары Қайырбай Орынбаев, рельс бунақтары мен ескі-жарамды рельстерді алмастыру бойынша жұмыстар жүріп жатқанын да атап өтті. Оның айтуынша, дәл бүгінде 35 шақырым рельс бунағы мен 10 шақырым рельс ескі-жарамдыларымен айырбасталған. Бұл жұмыстарды тамыз айында толық аяқтап бітіру көзделуде екен.  Ал алдағы шіліңгір шілдеде темір жол бойында жұмыс көрігі қыза түспек. Өйткені, 94 шақырымдық жол бойына көлемі 13,9 мың тоннаны құрайтын, Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан шыққан су жаңа рельстер төселіп, ескілерінің орнын алмастыратын болады. Қазір жол техникаларын пайдалану арқылы жазғы жол жұмыстарының жүріп жатқаны белгілі. Бұл жұмыстардың оңтүстікте басталғанына екі айдан асты. Бүгінде 3,5 мың шақырымнан астам жол, машиналардың көмегімен жаңа келбетке ие болғанын айтады жол шаруашылығы мамандары. Мысалы, RM машиналарымен төрт айда 65 шақырым жер төсемі сауықтырылып, жоспар 59 пайызға асыра орындалса,  Дуомат кешендерімен 1213 шақырым жол жөнделіп, «Атлас» рельсажарлағыш пойыздарымен 1839 шақырым рельс әрленген. Сондай-ақ, 381 шақырым жол түзетіліп, жоспар 17 пайызға асыра орындалыпты. Бұл жұмыстардың бәрі пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жүргізілуде. Ал көктемгі комиссиялық байқау,  ол жаз маусымына қандай күйде жетіп отырғанымызды анықтап, олқылықтар орнын уақытылы толтырып, кемшіліктерді түзетуге бағытталған маңызды шара. Көктемгі байқау мен жоспарлы жұмыстар қорытындысы бойынша берілген 210 ескертудің өткен аптада 33-і түзетілді. Жыл басынан бері нұсқаулық кесте бойынша 5346 «толаскез» өткізілді. Дирекция филиалдарында барлық жұмыс жоспарға сай жүргізілуде, – деп түйіндеді сөзін дирекция басшының бірінші орынбасары Қайырбай Орынбаев. Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды