Көлік инфрақұрылымының су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланды

Жаңалықтар
16.03.2026, 10:41
Оқуға 1 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев көлік инфрақұрылымын алдағы су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тиісті міндеттер профильдік мекемелердің қатысуымен өткен жедел кеңес барысында тапсырылды.

Министрлік басшысы республикалық маңызы бар теміржол және автомобиль жолдарының дайындығын, сондай-ақ әуежайларда су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүргізілуін ерекше бақылауға алудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар өңірлерде атқарылып жатқан су тасқынына қарсы жұмыстар бойынша күн сайынғы есеп беруді және қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету тапсырылды.

Жолдарды қорғау үшін қажетті материалдарды дайындауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инертті материалдар, құм, бут тасы, құм-қиыршық тас қоспасы, қаптар және басқа да ресурстарды әзірлеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ министр су өткізгіш құбырлар, көпірлер және басқа да жасанды құрылыстарды қар мен қоқыстан тазартуды қамтамасыз етуді, жоғары қауіпті аймақтарда алдын ала айналма жолдарды пысықтауды тапсырды.

Қабылданған шаралар көлік инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындауға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды