Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығы тексерілді

Жаңалықтар
20.03.2026, 10:02
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақмола магистральдық желісі бөлімшесінде көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың және теміржол инфрақұрылымының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тексеру барысында Астана – Жалтыр – Атбасар учаскесі зерттелді. Су өткізгіш құбырларды және тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін төрт ірі көпірді тазарту бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Бұл учаскеде су тасқыны қаупі бар 10 учаске зерттелді және олар еріген судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Жалпы, жол бөлімшесі бойынша су тасқынына қарсы 4 пойыз құрылды. Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін қажетті инертті және құрылыс материалдары, оның ішінде 150 текше метр бутты тастар, 700 темірбетон шпалдар, бір металл құрылғы және 4 инвентарлық рельс пакеттері дайындалды. Астана – Атбасар – Есіл учаскесіндегі көпірлер мен жасанды құрылыстарды тазарту жұмыстары 90%-ға орындалды. Қардан тазарту бойынша қалған жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Қосымша 6 су оймасына тексеру жүргізілді, сәуір айының бірінші онкүндігіне Жабай өзенінде бұрғылау-жару жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, Колутон өзенін тереңдету және Колутон ауылының айналасында қорғаныс бөгетін салу жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Көлік министрлігі инфрақұрылым нысандарын қардан тазарту бойынша барлық жұмыстардың тезірек аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Темір жолдың жанында орналасқан жеке су қоймаларының жай-күйін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тексеру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды