20 жылдық белес 

Жаңалықтар
03.11.2017, 10:26
Оқуға 3 мин
 Астанада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының 20 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Маңызды шарада еліміздің экономикасы мен темір жолын дамыту үшін көліктік-логистикалық ұйымдар және бизнестің, мемлекеттің күшін біріктіру туралы кеңінен сөз болды.  Жиынды ашқан «Kazlogistics» ҚКО төрағасының орынбасары  Юрий Лавриненко екі компанияны мерейтойымен құттықтап, мемлекеттік органдар, темір жол және бизнестің күшін біріктіру – бүгінгі күннің басты даму бағыты болып отырғанын жеткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев өзінің «ҚР халықаралық байланыстарды кеңейту және транзиттік-көліктік әлеуетті жүзеге асыру бойынша алдағы 10 жылдыққа міндеттер мен үндеулер» атты баяндамасында компания тарихының ең негізгі атаулы күндеріне тоқталды. Атап айтқанда, 1997 жылдан бастап компания бүгінге дейін темір жолдың бытыраңқы кезінен қазіргі заманғы мықты компанияға айналғанға дейінгі аралығында ұзақ жол жүріп, қазірде қарқынды дамушы көліктік-логистикалық орталыққа айналғанын жеткізді. Тәуелсіздік алған жылдарда 2500 км-ден астам жаңа жол,  бірнеше ірі зауыттар салынған.  – Елбасымыз ұлттық компания алдына 2020 жылға дейін транзиттік тасымалды 2 млн контейнерге жеткізу міндетін қойды. Осы тапсырманы орындау үшін нарықтың барлық қатысушыларының басын біріктіру қажет,  – деді ол. Қанат Алпысбаев сонымен бірге компания алдында тұрған тағы бір міндет – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жаңа технологиялар мен цифрландыруды жеделдете дамыту екенін жеткізді. Басқару жүйесін автоматтандыруды қарастыратын «Цифрлы темір жол» бағдарламасы жасалып, оны жүзеге асыру басталғаны айтылды.  Конференцияға қатысушы ҚР инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев мемлекет пен көлікшілердің жүйелі жұмыстарының арқасында темір жол саласы жылдам дамып жатқанын айтты. Сонымен қатар соңғы кездері Қазақстанда темір жолдағы жүк тасымалының көлеміне тікелей әсер ететін көліктік экспедициялық қызмет те айтарлықтай дамуда.    – Бүгінде көліктің барлық түрлері бойынша шамамен 700 экспедитор компания табысты жұмыс істеуде, олардың көбісі өзге елдердің темір жолымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді, – деді  Әсет Асанұлы. Ол сондай-ақ экспедиторлық қызметтің дамуына әкімшілік кедергілер теріс ықпал ететінін атап өтті. Сонымен байланысты аталған министрлік Қазақстан теміржолымен бірге көлік саласы, соның ішінде теміржолда цифрландыру жобаларымен жұмыс істеуде екенін жеткізді. – Цифрлы технологияны енгізу көліктік үдерістердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға көмектесіп, біздің жолдарымызды қауіпсіз, әрі жайлы етеді, - деді Әсет Асавбаев. Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығының бас директоры Илья Сегал нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудегі жұмыстардың алғышарты ретінде осы қауымдастық, «Атамекен» ҰКП жұмыс тобы алаңдары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ дөңгелек үстелдерінде бизнес мәселелерін талқылау арқылы заң бастамаларын қалыптастыруға компанияның мамандарын тартуға назар аудартты.  Конференция барысында қауымдастықтың құрметті төрағасы, ҚР-ның алғашқы көлік министрі Нығметжан Исингарин жылы лебізін білдіре отырып, «ҚТЖ» ҰК басшысына экспедиторлық бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚҰЭҚ-ның естелік белгісін табыстады. Ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылардың «ҚТЖ» компаниясының мұражайын және «Continental Logistics» көліктік-логистикалық орталығын аралауымен аяқталды. Конференция барысында көліктік-логистикалық компаниялар тұжырымдамалық деңгейде тасымал үдерісіне қатысушылар арасында серіктестіктің артықшылықтары туралы белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап айтылды.

Маржан БАКИЕВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды