25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті

Жаңалықтар
03.06.2026, 14:00

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған заң және тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдама шеңберінде Шымкент қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және теміржол өткелдерінде қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараны Шымкент магистральдық желі бөлімшесі ұйымдастырды. Акцияға теміржолшылар, көлік полициясы, көліктік бақылау инспекциясы және Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Іс – шара Игілік және Бадам станциялары арасындағы Шымкент – Арыс учаскесінің 3265 км темір жол өткелінде өтті. Бұл өткел аймақтағы ең көп жүретін жолдардың бірі болып табылады, мұнда күн сайын 35 жұп жүк және 12 жұп жолаушылар пойызы, сондай-ақ 7 мыңға жуық вагон өтеді. Өткел арқылы қалалық бағыттағы автобустар қатынайды және Абай ауданының, Арыс қаласы мен Түркістан облысының Ордабасы ауданы елді мекендерімен қарқынды автомобиль қатынасы жүзеге асырылады.

Акция барысында жүргізушілерге темір жолдарды қауіпсіз кесіп өту ережелері және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Қатысушылар ақпараттық жадынамалар таратып, автокөлік жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізді.

Қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулықтан 108 жеңіл автомобиль жүргізушісі және 33 жүк көлігінің жүргізушісі өтті.

ҚТЖ теміржол өткелі қауіптілігі жоғары объект болып табылатынын еске салады. Жүргізушілер жол белгілері мен бағдаршам сигнализациясының талаптарын қатаң сақтауы, тыйым салу сигналы кезінде өткелге шықпауы және жақындап келе жатқан пойыздың алдында жолдарды кесіп өтпеуі қажет.

«Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциялары еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде өткізіледі. Оларды өткізудің мақсаты – теміржол өткелдеріндегі апаттылықты азайту, жол қозғалысы қатысушыларының жауапкершілігін арттыру және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде