Машинист көмекшісінің жанұясы марапатталды
Жаңалықтар
17.05.2016, 17:30
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және халықаралық отбасы күні қарсаңында Қызылордада өткен «Отбасы – тәрбие ұясы» атты облыстық байқауға қатысқан машинист көмекшісі Исабеков Нұрлыбектің жанұясы жүлделі орын алды.
Байқауға шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толған үлгілі жанұялар қатысты. «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырған байқауға қаладан бөлек барлық ауданнан жанұялар қатысты. Қызылорда локомотив пайдалану депосы ұжымынан қатысқан тепловоз машинисінің көмекшісі Исабеков Нұрлыбектің отбасы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
–Байқаудың негізі мақсаты Тәуелсіздік жылдарындағы отбасы жетістігін насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және отбасын нығайту мен дәстүрлерді сақтау, мемлекеттілігімізді дамыту, – деді өз сөзінде шара шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, қатысушы отбасыларға сәттілік тілеп.
Үш кезеңнен тұратын байқауда отбасылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетумен қатар «Тәуелсіздікке тарту» деп аталатын ақырғы айналымда 25 жылда қол жеткен отбасы жетістіктерін паш етті.
Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Жалағаш ауданынан келген Жанашевтар отбасы иеленсе, 2 орын теміржолшы-локомотивші Исабековтер отбасына және 3 орын Шиелі ауданынан келген Арыстанбековтер жанұясына бұйырды. Сондай-ақ, «Салауатты отбасы», номинациясымен, «Жарасымды жанұя», «Шығармашыл отбасы», «Жаңашыл отбасы» және «Көрермендер көзайымы» номинацияларын иеленген отбасылар да сый-сыяпаттан құр қалмады. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде