Қыс қамын жаз ойлағандар
Түбек теміржолшылары жылдағы әдетпен биыл да қысқа ерте қамданды. Жазға жетпей 280 тоннаға дейін көмір сиятын жабық қойма салып, бүгінде оны қысқа қажет қатты отынмен толтырып қойған.
Көмір қоймасы "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімінің балансында. Жылыту науқаны басталғалы оған алғашқы лекте 4, жуырда тағы 3 вагон, барлығы 490 тонна қатты отын түсірілді. Содан тәулігіне орта есеппен 10 тоннасы вагондардың жылуына жұмсалады екен. Жылу 1 қазаннан бері берілуде.
Қоймада бұрын да шатыр болды. Бірақ жан-жағы ашық, жартылай тас қалаулы. Жел болса көмірдің ұнтақтары ұшып, санитарлық талаптарға сай келмейтін. Өрт қауіпсіздігі жағынан да қауіпті еді. Жауын-шашыннан ылғалданып, ыстық және салқын ауалардың коэффициентінен өздігінен жану мүмкіндігін тудыратын, – деген Маңғыстау вагондарға қызмет көрсету пункті басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұркен Қайыров, көмір Майкүбі және Қаражыра кендерінен жеткізіліп жатқанын айтады.
Майкүбі мен Қаражыраның қоңыр мен тас көмір аралығындағы өнімі үлкен сұранысқа ие екен .
– Маңғыстауда ауа райы әлі қатты суыта қоймаса да пойыздарда салқын. Көмір шығыны соған және вагондар санының артуына байланысты бір күні 12, келесі күні 8 тоннадан кетуде. Бір вагон көмір бір аптаға жетеді. Жалпы көмірден тапшылық жоқ. Бір-екі күн алдында 210 тонна түсірдік. Мұнымен шамамен 21 күн сұранысты өтеуге болады. Вагонға өз сыйымдылығы сол 2 қорапшадан артық салынбайды. Купеде ол 480, плацкартта 410 кг құрайды. Ал қазірге 1 қорапшадан берудеміз. Тағы да қажеттігі туындап, жетпей жатса жол бойында толтыра алады. Маңғыстаудың өзінде Бейнеуде және Маңғыстау станциясында сондай орындар қарастырылған. Бейнеуде 170 тоннадай қорымыз бар. Бейнеуден алынған көмірмен Алматыға бағытталған пойыз Қазалыға дейін жете алады, – дейді Нұркен Нұржанұлы.
Дегенмен, оның айтуынша, вагонның жылуды көмірден бөлек электр қуатынан алуына байланысты қара отынды үнемдеуге де болады екен. Қазір Маңғыстауда қолданыстағы 2011-2013 жылы шыққан 49 жаңа вагонның сондай мүмкіндігі бар. Олар Ресейде және Украинада жасалған вагондар. Яғни, ол вагондарда тоқпен де көмірмен де жылыту жүйесі бар. Тек ол жүргенде ғана генератормен электр энергиясын алып, қыздыруға қауқарлы. Бұл тек қосымша күш ретінде ғана пайдаланылып жүр. Тоқтап тұрғанда отын жағуға тура келеді.
Н.Қайыровтың айтуынша бүгінде жолаушылар вагондарының 97 пайызға жуығы қыс маусымына толық дайын. Вагондардың техникалық құрылымы, жылуы, суы, жарығы, тазалығы түгел тексерістен өтіп, тиісті жұмыстары жасалған. Олар: жолаушылар тасымалына жүріп тұрған – 76, жүк тасымалы бөлімшесінің – 1, магистральдық желі бөлімшесінің – 1, қалааралық – 2, "Сарыарқа" ЖШС-нің – 9 вагоны. Сонымен қатар, вагондарды ТО-2 жөндеуден өткізу цехында қызу жұмыс Ал, күнделікті ТО-1 тексеріс цехында әр айда 1000-1150-ге жуық вагон, ТО-3 жөндеу түрі бойынша айына 20-ға тарта вагонға техникалық қызмет көрсетіледі екен.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды