Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда

Жаңалықтар
22.06.2026, 17:11

Бельгия астанасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ҚР-ның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан мен ЕО байланысын нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» атты Халықаралық бизнес-конференция өтуде деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдерінен 100 астам жоғары дәрежелі қатысушыларды біріктірді. Олардың ішінде: Еуропалық парламент депутаттары; Еуропалық комиссия өкілдері; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің басшылары; «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы; халықаралық қаржы институттарының (ЕҚДБ, ЕИБ) өкілдері; ірі көліктік-логистикалық компаниялар, жүк иелері және салалық қауымдастықтар.

Конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, Еуропалық парламенттің, ҚТЖ басшылығының өкілдері, сондай-ақ DHL Global Forwarding, Alstom, DB Cargo, HHLA International, RHENUS, Hellmann Worldwide Logistics, Ahlers Logistics және A.P. Moller – Maersk сияқты ЕО жетекші логистикалық корпорацияларының топ-менеджменті негізгі баяндамалар жасады.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Бельгия Корольдігіне ресми сапары аясында өтуде. 

Бұл алаң жоғары деңгейдегі стратегиялық диалогтың практикалық жалғасы болып табылады. Мемлекет басшысының сапары аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антонио Коштамен; Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен; Бельгия Премьер-Министрі Барт де Вевермен маңызды келіссөздер жоспарланған. 

Қатысушылар назарында Орта дәлізді дамытудың стратегиялық мәселелері, оның ішінде ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру; теміржол, порт және терминалдық инфрақұрылымды жаңғырту; логистикалық процестерді цифрландыру; еуразиялық кеңістікте тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыру және басқалар бар.

Пікірталас барысында Орта дәлізді Еуропалық Одақтың Global Gateway жаһандық бастамасымен интеграциялауға, сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көлік және цифрлық байланысты кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Делегаттардың жоғары мәртебесі және ҚР Президентінің күн тәртібімен синергия Еуразия мен ЕО арасындағы негізгі транзиттік-логистикалық хаб мәртебесін Қазақстанға бекіте отырып, Еуропалық институттардың, халықаралық қаржы ұйымдары мен бизнестің орта дәлізді дамытуға өсіп келе жатқан қызығушылығын растайды.

Анықтама: Еуропалық кеңес – бұл ЕО елдерінің мемлекет және үкімет басшылары кіретін орган. Ол Еуропалық одақ дамуының негізгі саяси бағыттары мен стратегиялық басымдықтарын анықтайды, бірақ әдетте заңдар қабылдамайды. Еуропалық комиссия – ЕО-ның атқарушы органы. Ол заң жобаларын әзірлейді, Еуропалық Одақ заңдарының орындалуын қадағалайды, ЕО бюджетін басқарады және жекелеген елдердің орнына бүкіл одақтың мүдделерін білдіреді. 

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді