Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді

Жаңалықтар
05.08.2026, 16:04
Оқуға 2 мин

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз өткел» республикалық профилактикалық акциясын өткізеді.

Акция 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасады және бүкіл ел бойынша кемінде 100 теміржол өткелін қамтиды.

5 тамыздағы жағдай бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы 53 теміржол өткелінде алдын алу шараларын жүргізді. Акцияны өткізу үшін жүргізушілер тарапынан Жол қозғалысы ережелерін бұзу жиі тіркелетін ең көп жүретін өткелдер таңдалды.

Іс-шаралар өтті:

  • Ақмола өңірінде – Саумалкөл және Тайынша станцияларының өткелдерінде;
  • Қостанай өңірінде – Құсмұрын станциясын, Қостанай – Главный – Қостанай – Северный және Тоғызақ – Пешковка аралықтарын қоса алғанда, бес өткелде. Сонымен қатар, Қостанайда «Вираж Авто-2012» автомектебінің курсанттарымен профилактикалық кездесу өткізілді;
  • Павлодар өңірінде – Жолқұдық, Ерейментау станциялары мен Екібастұз-2 – Екібастұз – Северный, Екібастұз-1 – Атығай, Едіге – Ерейментау аралықтарының бес өткелінде;
  • Қарағанды өңірінде – Қарағанөзек станциясының өткелінде;
  • Семей өңірінде – Семей – Левый – Ертіс, Өскемен – 1 – Өскемен және Аягөз станциялары аралықтарының төрт өткелінде;
  • Алматы өңірінде – Алтынкөл станциясын, Байсерке – Жетісу, Байсерке – Қайрат, Бескөл – Жайпақ аралықтарын, №8 разъезд – Бескөл, Қүрішдаласы – Үштөбе және Үштөбе – Қальпе аралықтарын қоса алғанда, 16 теміржол өткелінде;
  • Жамбыл өңірінде – Тараз – Бурыл, Бурыл – Шайқорық, Тараз – Талас және Шу – Аспара аралықтарының бес өткелінде;
  • Шымкент өңірінде – Бадам – Игілік аралығы өткелінде;
  • Қызылорда өңірінде – №20 – Байгекұм, Сексеуіл – Құрлық разъезі аралықтарының төрт өткелінде, сондай-ақ Қазалы және Арал теңізі станцияларында;
  • Ақтөбе өңірінде – Ақтөбе – Жіңішке, Орал – Жилаево, Алға – Тамды, Құдық – Жем аралықтарының бес өткелінде;
  • Илецк станциясы мен Илецк - №25 Разъезд аралығы өткелдерінде;
  • Мукур станциясында;
  • Маңғыстау өңірінде – Маңғышлақ және Шетпе станциялары өткелдерінде.

Акция барысында теміржолшылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын түсіндіреді, ақпараттық жадынамалар таратады және теміржол арқылы өту ережелерін бұзу өмірге қауіп төндіретінін және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді жол белгілері мен бағдаршам сигналдарының талаптарын мүлтіксіз сақтауға, тыйым салу сигналы кезінде өткелге шықпауға және теміржолдағы қауіпсіздік жол қозғалысының әрбір қатысушысының жауапкершілігіне байланысты екенін қаперде ұстауға шақырады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті