Үйкелістен ұшқын шыққан…
Жаңалықтар
17.05.2016, 17:41
Шиелі станциясында ұйымдастырылған өртке қарсы оқу-жаттығу шарасында төтенше жағдайдағы диспетчерлік ақпарат алмасу жетілдіріліп, авариялық құтқару қызметтері мен құрылымдарының өзара іс-әрекеттерін үйлестіру сынды басты тапсырмалар мүлтіксіз орындалды.
Сценарий бойынша Шиелі станциясында орналасқан «MKS Company» ЖШС-не қарасты сутегі тотығы тиелген жүк вагонында сутегі тотығы құйылған ыдыстарды қаптаған темір торлардың үйкелуі әсерінен ұшқын шығып, өрт ошағы пайда болғанын солтүстік бақылау кезекшілері байқаған... Салдарынан шұғыл құзырлы органдарға хабар таратылып, барлық мүдделілер іс-әрекетке көшірілген. Оқиға орнын оқшаулауға Шиелі станциясындағы Желілік полиция бөлімі, «ӘТЖК» АҚ Қызылорда атқыштар командасының Шиелі атқыштар тобы сарбаздары мен құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі тартылып, сүзгі бекеті жұмысы мен зардап шеккендерді құтқару дәлізі ұйымдастырылды.
Өрт сөндіру қызметі келем дегенше вагон пойыз құрамынан ажыратылып, станциядағы өрт ошағын жоюға Шиелі өрт сөндіру пойызының 14 қызметкері, «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің №9 ӨСБ-нің 2АЦ өрт сөндіру автокөлігі мен 12 қызметкер жұмылдырылды. Бір техника мен 4 өрт сөндіруші «жедел жәрдем» қызметін атқарып, алғашқы медициналық жәрдем көрсетті.
Таңертеңгі сағат 11:00 минутта дабыл қағылып, жеке құрамдардың білігі мен тактикалық дайындығы сарапқа салынған сыннан сүрінбей өткен өрт сөндірушілер арада жарты сағат өткенде, өрт шыққан вагонды жылжымалы құрамнан оқшаулап, қолда бар техникамен жеке құрамның іс бірлігі арқасында 11:30 минутта өрт жалынын өшірді.
–Шиелі өрт сөндіру пойызы ұжымының бүгінгі кестеге сәйкес өткізілген шарада жеке құрамның кез-келген тосыннан болуы мүмкін кедергіге дайындығы пысықталды. Біздің өрт сөндірушілер жергілікті құзырлы орган қызметкерлерімен ұжымдаса қимылдып, бар-жоғы жарты сағат ішінде өртті ауыздықтап, тапсырманы ойдағыдай орындап шықты, – дейді өрт ошағында өздеріне тиісті міндеттерін атқарып, өрт сөндіру құралдарын жинастырып жүрген, өртпен алысқан сарбаздарының қимылын бағалаған НОРП-30 Шиелі өрт сөндіру пойызының басшысы Арнауыт Садық.
Азамат ҚҰЛЫМБЕТ, Шиелі
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде