Әкімшілік – басқару персоналы мен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарының 1 080 қызметкері заманауи цифрлық құралдарын оқуды және жасанды интеллект көмегімен цифрлық шешімдер әзірлеуді аяқтады.
Бағдарлама «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің цифрлық құзыреттілігін дамыту үшін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша іске асырылды. Сабақтарды компанияның ішкі жаттықтырушылары өткізді.
Қатысушылар күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру, ақпаратты өңдеу және бөлімшелердің қажеттіліктерін ескере отырып цифрлық құралдарды жасау үшін жасанды интеллектті практикалық қолдануды игерді.
Жасанды интеллект құралдарын игеру қызметкерлерге жұмыс процестерін оңтайландыруға, типтік тапсырмаларды орындау уақытын қысқартуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.