25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жолшылар жұмыс жанданды

Жаңалықтар
18.05.2016, 12:15
Аягөз жол дистанциясында жол шаруашылығы бойынша өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жетістіктер қатарын баса айтуға болады. Бүгінде жол дистанциясында еңбек ететін 337 адам үшін жұмысқа қолайлы барлық жағдай жасалған деп сеніммен айтуға болады. Жұмысшылар  арасында еңбек қауіпсіздігін нығайту және санитарлық-сауықтыру, т.б. шараларын іске асыру бағытындағы жұмыстар айтарлықтай нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Мәселен, аталмыш мақсатта биылғы жылдық жоспар 5 млн 815 мың теңгені құраған болатын. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым мол сома. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар әр ай сайын нақты көрсеткіштер бойынша мерзімінде орындалуда. Дәл бүгінге дейін 298 мың теңге еңбеккерлер игілігі жолында игеріліпті. Бір сөзбен айтқанда, жаздың аптабы мен қыстың аязында да желі бойынан табылатын жолшылар үшін барынша жағдай жасалған. Олардың арасында әйел адамдар жоқ. Жалпы, бұл мекеме бойынша залалды жұмыстармен шұғылданатындар санатында 36 адам бар екен. Арнайы тәртіп бойынша мекемеге олардың барлығын сүтпен қамту, қажетті қызметтік киімдер беру ісі міндеттелген болатын. Бұл тарапта да жоспар үдесіне сай жұмыстар жасалынуда. Аягөз жол дистанциясының еңбекті қорғау инженері Еркін Кенжеғұловтың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бергі көрсеткіштер бойынша өндірістік жарақат алу оқиғалары тіркелмеген. Осының өзі дистанцияда жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары мен техникалық дәрістердің нәтижелі жүргізілгенін айғақтаса керек. –Желі бойындағы околодкалардың барлығында да дерлік еңбекті қорғау бұрыштары әзірленді. Сонымен қатар, жол шаруашылығындағы еңбеккерлер игілігі үшін жаңадан қоғамдық моншалар салынды. Ал бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан моншаларға қазіргі күннің өзінде толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді еңбекті қорғау инженері Еркін Кенжеғұлов.   Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде