25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Манкентте тасымал артқан

Жаңалықтар
18.05.2016, 16:12
Шымкент жол бөлімшесіне қарасты  жолаушылар және жүк тасымалына қызмет ететін бекеттің бірі ­– Манкент. Екінші класты станциялар қатарына енген жылдан аса уақыт ішінде бекетте тасымал арта түскен. Станция бастығының орынбасары Асхат Ақбердінің айтуынша, мәртебесі жоғарылағалы станцияда маман саны да толыққан. –Бүгінде бес станция кезекшісі, бес пойыз құрастырушы, жеті жүк қабылдап-жөнелтуші, екі тауар кассирі және жұмысшылар бар. Өткен жылы осы 23 маманның қажырлы еңбегінің арқасында 1401 вагонға жүк тиеліп, 7732 вагоннан жүк түсірілді. Бұл төңіректе бекеттің жүк айналымын дөңгелетіп отырған ұн артатын «Асыл LTD» наубайханасы орналасқан. Өткен жыл ішінде осы жерден ай сайын 100 вагонға ұн тиеліп Өзбек ағайындарға жіберіліп тұрды. Бір жылдан бері «STRATUS-Oil» ЖШС айына 5000 тонна, яғни 80 вагон мұнай өнімдерін Қырғыз еліне жөнелтуде. Аталған компания мұнай құятын 24 құрылғысы арқылы 12 вагонға  жанармай артса, кейінгі 12 вагонға мазут құяды, – дейді Асхат Ақберді. Бүгінде бекеттегі 28 кірме жолдың бесеуі уақытша бос тұрғанымен, қалғанында үздіксіз жүк тиеліп-түсіру операциялары жүргізілуде. «STRATUS-Oil» ЖШС жүк жөнелтушілердің қатарына енгелі бері жүк айналымы ұлғайған. Байқағанымыздай,  манкенттіктер жүк тиеуден бұрын көбірек түсіреді екен. Оның ішінде жиі келетіні –   малға беретін кебек жем. Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары   негізінен қала халқын етпен қамтитындықтан, уақ малды көп асырайды. Кебекке  де тапсырыс беретін осы малшы қауым. Биылғы жылдың үш айында 414 вагонға жүк тиелсе, 2069 вагоннан жүк түсірілген, соның 250 вагоны мал азығы. Одан бөлек қаладағы бірқатар жанармай құю бекеттерін толықтырып отыратын «Helios», «Олимп» ЖШС-де Манкентте орналасқан. Бұларға орманды өлкеден Аи-80, Аи-92 жанармай келіп, бекетке түсіріледі. Суармалы өңір болса да,  бақша дақылдары өзге аймақтарға жөнелтілмейді. Тек жаздағы науқан кезінде қызанақ пен қияр, аракідік тәтті шырындар, консерві тағамдары жіберілетін көрінеді. Бекет көрсеткішінің көңілдегідей болуына қашанда қарапайым теміржолшылар үлес қосады. Манкентте жастығын өткізгендердің арасында Ермек Қоңқабаев, Жарылқап Бектұрғанов, Дэкова Светланалардың ізін кейінгі буында Нигара Рүстемқызы,  Дәурен Раушанбекұлы, Төреғали Бейсенбаевтар басып келеді. Дүйсенбіде әдеттегідей станция бастығы Әлимахан Исаханов осындағы айналым жол шебері Нұржан Әбдірайымов, байланыс торабына жауапты Камал Ахматқұлов, аға вагон қараушы Нұржан Байділдаев сынды әріптестерімен бас қосып, өткен  аптадағы атқарылған жұмыстар легін қорытындылап, алдағы аптаға жоспар түзіледі. Бірлесіп қауіпсіз, сапалы жұмыс атқаруға кіріседі. Манкент – күре жолдың бойындағы бекет болғандықтан, тәулігіне отыздан аса жолаушылар пойызы аялдайды. Бекеттегі тоғыз жолдың екеуі жолаушы пойыздарына арналған басты жол, қалғандары жүк тасымалына қызмет көрсетеді.  арналған. Станция ғимараты төрт жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіпті. Бекет маңайына әлі қоршау жүргізілмеген. Алайда, екі арасы 150 метрдей жерде екі аспалы көпір бар. Бірақ Асхат Сәрсенұлының айтуынша, халық қызметтік өткелден өтуге дағдыланған. Оның айғағы, станция аумағында соңғы жылдары бақытсыз жағдайлар орын алмапты.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Манкент

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде