Қазтеміртранс: төл мерекеге табыспен жетті
Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді. Компания алдында бүгінгі таңда жаңа міндеттер тұр. Сол міндеттерді жоғары деңгейде жүзеге асырып, жаңа мақсаттарға ұмтылған қоғам ұжымы биылғы кәсіби мерекелерін салтанатты жағдайда атап өтті.
Мәжіліс залында бас қосқан сала мамандарын компания президенті Санжар Елубаев құттықтап, мерекеге табыспен жеткен ұжымның бірқатар қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.
–Алдымызда тұрған ең басты міндеттердің бірі – негізгі қызметті коммерциялау, нарықтың жаңа сегменттеріне шығу. Мен осы міндеттер үдесінен «Қазтеміртранс» АҚ ұжымының шыға алатынына сенімдімін. Осындай зор жауапкершілік арқалаған абыройлы қызмет иелері – әріптестерімді, барлық теміржолшылар қауымын бүгінгі төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, баршаңызға мықты денсаулық, өмірде сәттілік және еңбектеріңізге табыстар тілеймін! – деді компания басшысы.
Компания президентінің Құрмет грамотасымен қоғамның 23 теміржолшысы, Алғыс хатпен 20 маманы марапатталды. Олардың көбісі – компанияның еліміздің барлық аймақтарындағы филиалдарында еңбек ететін қарапайым жұмысшылар, мәселен, слесарьлар, жөндеу жөніндегі жұмысшылары, ауысым диспетчерлері, вагон паркін сақтау жөніндегі жол инспекторлары, тағы да басқа сол сияқты еңбек адамдары.
Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар маминнің Құрмет грамотасымен 3 адам, Алғыс хатымен 3 адам, тағы үш қызметкер «Адал еңбегі үшін», «Үздік маман» және «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен марапатталды. Ал саланың ең мәртебелі жоғары атағы «Құрметті теміржолшы» белгісімен Вагон операторының қызмет көрсету дирекциясы филиалының директоры Күмісбек Матжанов марапатталды. Болат жолда 22 жыл еңбек еткен теміржолшы соның 18 жылында басшылық қызметтерді атқарып келеді.
Мерекелік шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының концерті және сала тақырыбына сай ұйымдастырылған викториналық ойындарға ұласты. Теміржолдағы түрлі мамандық иелерін жасырылған суреттер арқылы оңай тауып берген мереке иелеріне ынталандыру сыйлықтары берілді. Ұжым қызметкерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылды.
Еліміздегі жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылатын қоғам – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі еншілес компаниясы саналады. Тасымал көлемі артқан сайын құрылғанына 13 жыл болған компанияның да жұмыс ауқымы жыл санап көбейіп келеді. 2007 жылы «Қазжелдортранс» атауынан бүгінгі атына өзгерген компания өмірінде әр жылда жаңа өзгерістер болып тұрады. Атап айтқанда, IP-телефония құру, мәліметтер таратудың корпоративтік желісін кеңейту, ҚТЖ инвентарлық паркі вагондарын «Қазтеміртранс» АҚ-на ауыстыру, КТТ қызметкерлері пәтерге қол жеткізу үшін әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру сынды қыруар шаруалар атқарылды.
Қазіргі таңда компанияның жеке паркіндегі вагондар саны 60 мыңға жетті. Қоғамда 2,5 мың адам еңбек етеді. Аймақтық желілері еліміздің барлық өңірінде ашылған. Бүгінгі «Қазтеміртранс» – бұл ірі көліктік және логистикалық кәсіпорындар, зауыт-өндірушілер, кен өндіруші компаниялар, шағын және орта кәсіпкерлік сынды ірі әріптестерімен ынтымақтаса қызмет ететін мықты әрі, бәсекеге қабілетті компания.
Райхан Рахметова, Астана
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды