Сервис талапқа сай болу үшін...

Жаңалықтар
12.08.2016, 16:43
Оқуға 2 мин
Жолаушы вагондарының қауіпсіздігі мен жайлылығына көп нәрсе байланысты. Ақаусыз,  есік-терезесі айнадай жарқырған таза, ішкі интерьері мұнтаздай, жып-жинақы, ұядай ыңғайлы вагонмен сапар шеккен жолаушы өзін үйдегідей жайлы сезінері анық. Жуырда біз «Вагон-сервис» АҚ-ның  Батыс филиалына қарасты  Атырау телімінде болып, қала сыртында жаңа орынға қоныс тепкен мекеменің қызметімен танысып қайтқан едік: жолаушы вагондарына көрсетілер сервистік қызмет деңгейі қандай? Атырау телімінің  бастығы  Ерлан Дүйсембаевты  жұмысшылармен таңертеңгілік лездеме үстінде «ұстадық». Кешкі келген жолаушылар пойызында орын алған кем-кетік, әйнегі шағылған,  қол жуғышы істен шыққан деген сынды жеңіл-желпі ақаулар жіпке тізілгендей алдында жатыр, соларды қалпына келтіру, сонымен қатар күні бойғы істелетін жұмыстар, сапарға дайындалатын құрамдар әзірлігі тағысын тағы жұмыстар осы жерде  талқыланып,  әркім өзіне тиесілі міндетін бөліп алып жатыр...       Мұнда  вагондарды жууға және қауіпсіздігін тексеруге, тиісінше жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 7 жолдар қарастырылыпты. Оның алтауында жолаушылар пойызы қабылданып, жуылады екен.  Ал, соңғы жол жөндеуге тұрған вагондарға арналған.         Ерлан Дүйсембаевтан білгеніміздей, бұл жерде «ТО-1» тобының жұмысшылары вагондарға техникалық қызмет көрсетсе, «ТО-3» тобының жұмысшылары 6 ай сайын вагондарды жөндеуден өткізеді. Ал, «ТОР» тобының жұмысшылары болса, сапардан келген барлық вагондардың жұмысын тыңғылықты зерттеп, қажет болса дөңгелек ауыстыру, электр тоқтарын жөндеу, дөңгелектерді майлау, т.б. жұмыстарды атқарады. Одан әріректе көмір қоймасы орналасыпты. Ол жерде қыс мезгілінде вагондарды жылыту үшін жеткізілетін көмірдің түсіру орны арнайы техникаларымен бірге дайын тұр.      Өткен 6 айда жоспарды 98 пайызға орындадық. Вагон жуу кезінде бұрынғы орнымыз тарлық етіп келген болатын. Тіпті, пойыз құрамы сыймай кететін еді. Тар орында жұмысшыларымызға вагондарды ажырату да қиынға соғатын. Ал, пойыздарды жуу кезінде сондай тар жерде вагондарды бірінші жолдан екіншісіне ауыстыру кезіндегі қиындықтардың өзі бөлек әңгіме болатын. Бүгінде  кең де ыңғайлы жаңа  орында жұмысшы-қызметкерлеріміздің жаны кіріп қалды, – дейді филиал бастығының міндетін атқарушы.  ҚТЖ салып берген жаңа ғимарат заманауи жабдықтармен толық қамтылған, өте ыңғайлы, жұмысшылар үшін киініп-шешінетін, жуынатын душ, кептіретін орын секілді барлық жағдай  қарастырылған.  Жұмысшылар техникалық және еңбек қауіпсіздігі сабақтарын да заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған кабинетте өткізеді. Қызметкерлер жоспарлы түрде аттестациядан өтіп тұрады екен.  Сондай-ақ,  жұмысшы-қызметкерлердің  жұмысқа қатынау мәселесі де жолға қойылған көрінеді. Филиал басшысының айтуынша,  мекеменің арнайы бөлінген автобусы жұмысшыларды белгіленген маршрут бойынша жұмысқа әкеліп, әкетіп отырады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

Атырау

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды