Құрық – Жібек жолының тоғысқан нүктесі
Жаңалықтар
12.08.2016, 17:01
Маңғыстау облысына іс сапары кезінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Каспий жағалауындағы Құрық портында салынып жатқан паром кешенінің құрылыс барысымен танысты. Елбасының тапсырмасымен келген Үкімет басшысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» президенті Асқар Мамин паром кешенінің салыну барысы туралы баяндады.
Кешенге Боржақты – Ерсай теміржол желісі мен паром өткелі кіреді. Жоба Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және ол Каспий теңізінің порттары арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Кешеннің жоспарланған қуаты жылына 4 млн тоннаға дейін жүкті: мұнай өнімдерін, химикаттарды, тыңайтқыштарды, астықты өңдеуді қарастырады. Құрық портында паром кешенін салу 2015 жылдың сәуір айында басталған. 2015 жылдың маусым айында Боржақты – Ерсай теміржол желісі бойынша құрылыс жүктерін жеткізу үшін жұмыс қозғалысы ашылды. 2016 жылдың соңында алғаш іске қосылатын кешенді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші іске қосылатын кешен нысандарының құрылысы 2017 жылға жоспарланған. Паром өткелінің құрылысы мен оны Құрық портына жақын жағалау инфрақұрылымы нысандарына апаратын Боржақты – Ерсай темір жол желісімен қосу мультимодальдық жүк тасымалын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде транзиттік жүк ағынын арттырып, республиканың экспорттық әлеуетін ұлғайтады.
«Өткен жылдан бастап Қазақстан ДСҰ мүшесі атанды, бұл бізге әлемдік кеңістіктегі 160 мемлекеттің нарығын ашады, әсіресе, Қытай, Иран, Ресей, ЕО-қа жол ашылады. Бізге осы нарықтарды қалай жаулап алу туралы ойлану керек. ҚР Үкіметі қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруды қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеуі тиіс. Бұл әрбір облыс, қала, аудан әкімінің басты міндетіне айналуы керек», – деді ҚР Президенті Н. Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы индустрияландыру қорытындылары бойынша шілде айында өткен кеңесте.
Жекелеген өнім түрлерінің – уран өнімдері, сары фосфор, ұн, титан, мыс, мырыш экспорты бойынша еліміз әлемде көшбасшы орынға ие. Қазақстан әлемнің 200-ден астам елімен сауда-саттық қарым-қатынасын орнатқан. Сыртқы сауда Орталық Азия, ЕАЭО, Кавказ елдерімен аса қарқынды жүрді. Инвестициялар мен даму министрлігінің болжамына сүйенсек, 2020 жылға қарай Қазақстанның экспорт көлемі 13,8 миллиард доллардан 16,5 млрд долларға дейін артады.
Еске сала кетейік, Құрық портындағы жаңа паром кешені тәулігіне бес паромға қызмет көрсетеді. Сол арқылы жылына 4 миллион тонна жүкті өңдейтін болады. Аталған порттағы ауқымды жұмыстар мен Боржақты – Ерсай темір жол желісі басты жүктер мен сұйық жүктерді мультимодальдық тасымалдауға арналады. Бұл өз кезегінде Каспий өңіріндегі батыс бағдардың экспорттық әлеуетін арттырады. Құрық паром кешені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысан ретінде Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін көтереді. Ұлы Жібек жолының дамуына ықпал ететін бірегей жоба биыл жылдың соңында аяқталып, алғашқы жүк кемесін қабылдай бастайды деп жоспарлануда. Бұл – бірінші іске қосу кешені, ал екінші іске қосу кезеңі келесі жылға жоспарланып отыр. Ұлы Жібек жолының тоғысқан нүктесіне айналады деп күтіліп отырған жобаның болашағы ғаламат зор.
Райхан РАХМЕТОВА
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн