Марапатқа лайық машинистер

Жаңалықтар
12.08.2016, 17:21
Оқуға 2 мин
Айтары жоқ, темір жол көлігіндегі ең жауапты тұлға, ол – машинист. Қозғалыс қауіпсіздігіне теміржолшылардың бәрі де жауапты, дегенмен мыңдаған жолаушы мен миллиондаған жүк тасымалын жүзеге асыратын машинистің жауапкершілігі екі есе.  Сондықтан, марапатқа  да ең алдымен мәртебелі мамандық иесі – машинист лайық болмақ. Көлік қызметкерлері күнін Жем локомотив депосының машинистері жылдағыдай жоғары деңгейде атап өтті. Жылдағыдай ұжым басшылығының бірталай шараны осы күнге тоқайластырғаны байқалады. Депо директоры Дәулетқали Жалмұхамбетов салтанатты жиынды өткен жеті айдың қорытындысын жариялаудан бастады. Жүк тасымалы жоспарын 104,8 пайызға, техникалық жылдамдықты 101,2 пайызға, еңбек өнімділігін 101,6 пайызға орындап, 458 тонна жанар-жағар май үнемдеп, жақсы көрсеткішке қол жеткіздік. Бұл ұжымның еңбек және технологиялық тәртіп талаптарын сапалы орындауы арқасында қол жеткізіп отырған жетістік. Сондықтан, бүгінгідей салтанатты күні баршаңызға алғысымды жеткіземін, – деді Құрметті теміржолшы Дәулетқали Сәлімұлы. Одан әрі депо басшысы тепловоз машинистері Ахметов Мақсат пен Сыйлағанов Ерболатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің Мақтау қағазын тапсырды, тағы бірқатар қызметкерлер Алғыз хатпен марапатталып, жақсы жетістікке қол жеткізген 13 жас машинистке 3-ші сынып машинисі дәрежесі берілді. Салтанатты шара әрі қарай жалғасып, ұжымдық келісімшарт талабына сай 57-59 жас аралығындағы бір топ машинист мен көмекші машинистер құрметті еңбек демалысына шығарып салынып, естелік сыйлықтармен марапатталды. Осыдан кейін биылғы жылы жарияланып отырған «Машинист жылы» аясындағы іс-шараға сәйкес, жоғары еңбек көрсеткішіне қол жеткізген 2-ші сыныпты тепловоз машинисі Юрий Онипко мен көмекші машинист Бауыржан Калимановке «Үздік машинист» белгісімен марапатталды. Кезек зейнеткерлерге де келді. Он бес жыл депода ағаш шебері болып еңбек етіп, сурет-өнер саласындағы баға жетпес көркем туындыларымен депоға мол мұра қалдырған Бақытжан Қожабергенов Алғыс хатпен марапатталды. Шара соңы спорт ойындарына ұласты.

Аманбай Қонақбай, Ембі қаласы

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды