Ортақ жобаларды дамытуды көздейді
Жаңалықтар
17.08.2016, 18:52
Таяуда «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы нысандарын «China COSCO Shipping Corporation ltd» бас директорының орынбасары Хуан Сяовэн жетекшілік ететін делегация келіп көрді. Қонақтар Алтынкөл станциясын, құрғақ порттың инфрақұрылымын, аталған арнайы экономикалық аймақтың логистикалық және индустриалдық аймағын аралады.
Бұған қоса олар құрғақ порттағы контейнерлерді қытайлық тар теміржол табанынан (1435 мм) қазақстандық жалпақ жолтабанға (1520мм) ауыстыру үдерісімен танысты. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА – біздің елдердің және компаниялардың экономикалық даму драйвері болып табылатын, қарқынды дамып жатқан аумақ, – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев.
«China COSCO Shipping Corporation ltd» өкілдері «ҚТЖ» акционерлік қоғамымен стратегиялық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. «Біздің компанияларымыздың Еуразия континентінде логистикалық орталықтарды дамыту жөнінен мүдделері бірдей. Сондықтан біз тоғысу нүктесін тауып, ортақ жобаларымызды дамытуымыз қажет», – деді «China COSCO Shipping Corporation ltd» бас директорының орынбасары Хуан Сяовэн.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА» ЖШС бас директорының орынбасары Хишам Белмаши көліктік-логистикалық хабтың таныстырылымын өткізді. Соның ішінде Алашанькоу – Достық және Алакөл – Қорғас екі Қазақстан – Қытай шекара өткелдерінде пойыздардың өңделу мерзімі айтарлықтай қысқарғандығы атап айтылды, сонымен қатар жаңа теміржол желілерін іске қосудың арқасында қазақстандық магистральдар бойынша транзиттік құрамның жүру жылдамдығы артқан.
«China COSCO Shipping Corporation Limited» ірі мультимодальды компания және көліктік-логистикалық саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, қуаттылығы 85 млн-нан астам DWT болатын 1114 кемесі, әлемнің ірі порттарында контейнерлік терминалдары бар.
Hewlett Packard (HP) компаниясының жобаларды басқару және ғаламдық логистиканы оңтайландыру жөніндегі директоры Рональд Клейвиттің айтуынша, қазақстандық көліктік-логистикалық хаб баламалы технологиялар және сценарий бойынша дамытылуда.
Мұнда көргенімнің бәріне көңіл толады. Жобаның қалай дамып жатқаны мені қызықтырды. Былтыр ақпан айында ричстакерлер қолдану арқылы түрлі контейнерлерді қайта тиеу сыналған. Қазір бәрі өзгерген. Темір жолда алып крандармен кәсіби тұрғыда жұмыстар жүргізілуде. Тар жолтабаннан жалпағына қайта тиеу үдерісі бар болғаны 47 минут уақытты алады. Бұл тамаша жетістік. Қазірдің өзінде мұнда Қытайдан Еуропаға бағыт алған жүктердің өте ауқымды көлемі келуде. Болашақта пойыздар саны одан сайын арта түсеріне сенім мол. Қазақстан осындай жобаның Қорғаста дамытылып жатқанына мақтануы керек, – дейді ол.
Оның айтуынша, Қорғас құрғақ портының ерекшелігі – бизнестегі жеделділік пен қарапайымдылығында, сонымен қатар кедендік рәсімдер де біршама роль ойнайды. Бүгінде құрғақ порт мемлекет пен, ҚТЖ және KTZ Express тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Осы бағытпен порттың болашағы бұдан да зорая түспек.
Қорғас – ауқымы үлкен арнайы экономикалық аймақ, келешекте ол бүтін бір экожүйеге, ірі көліктік-логистикалық хабке айналмақ. Бұл жерден орасан зор теміржол жүк ағымы өріс алып, пойыздар сан алуан нүктелерден келіп, әлемнің барлық нүктесіне аттанатын болады. Мұндағы ең басты ерекшелік, Қорғаста тек теміржол көлігінің келіп, кетуімен қатысты қызметтерді ғана емес, сонымен бірге жүкті сақтау және клиенттерге қызмет көрсетудің басқа да көптеген түрлерін дамытуға болады. Әлемдегі ең ірі жүк терминалдарының бірі болып табылатын DPW (Dubai Port World) сияқты, Қорғас та – болашақта алып логистикалық орталыққа айналады. НР өкілі ҚТЖ және KTZ Express-пен арадағы тығыз қарым-қатынасты дамыту кезеңінде екендіктерін алға тартты. Бүгінде олар бүкіл әлемге «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты жобасының маңызды әрі перспективалы екенін айтуға дайын екендіктерін жеткізді.
Қорыта айтқанда, «ҚТЖ» және «China COSCO Shipping Corporation ltd» -ның даму стратегиясы Еуразия континентінде тоғысады деп болжам жасауға әбден болады.
Ирина Бектиярова
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн