Қосымша келісім жасалды
Жаңалықтар
19.08.2016, 16:53
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2015-2017 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қатысты №7 Қосымша келісімге қол қойылды деп хабарлайды аталған компанияның баспасөз қызметі.
Еңбек ұжымы атынан «Қазақстандық автомобиль, темір жол, әуе және су көлігі салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразғали Ахметбаев қол қойды. Бұдан былай Ұжымдық шартта жеке Ереже пайда болды. Бұл Ереже сот органдарына шағым жасамас бұрын жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы жеке еңбек дауларын қарастыру бойынша Келісім комиссиясының қызметіне арналып отыр.
Жаңа Еңбек кодексінің қолданысқа енгізілуімен Келісім комиссиясы Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары үшін міндетті орган болып қалыптасты. Ендігі уақытта барлық жеке еңбек даулары бірінші кезекте, Келісім комиссиясы арқылы шешілуі керек, тек жөнге салынбайтын, яғни реттеуге келмейтін мәселелер мен келісім комиссиясының шешімі орындалмаған жағдайда іс сот қаралымына жіберілетін болады, – дейді вице-президент міндетін атқарушы Әділжан Исмухамбетов.
Осы ретте, атап өтерлігі, Ұжымдық шарт Ережесіне сәйкес, Комиссия акционерлік қоғамда және оның филиалдарында, қала берді өкілдіктерінде жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдіктерінен сан жағынан тең болып келген құрамда, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Келісім комиссиясы сотқа дейінгі Ұжымдық және еңбек шарттары бойынша міндеттердің орындалуына қатысты даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіпте қарастырады. Осы ретте, Келісім комиссиясына, жұмыскерлерді аттестациялау, өтемақы төлеу, басқа жұмысқа алмастыру, еңбек жағдайының, жұмыс уақыты режимінің, еңбек тәртібінің өзгеруі, тәртіптік төлемақы салу, жұмысқа қайта орналасу сияқты еңбек заңнамасын бұзған мәселелер бойынша шағым жасауға болады. Ал өз кезегінде Келісім комиссиясының шешімі шұғыл орындалуы тиіс.
Нұрбек БЕКЕН
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды