Аягөзде жүк көбейген
Семей темір жолына қарасты Аягөз станциясының алғашқы жартылдықтағы еңбектегі жетістігі көңіл көншітерлік. Қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы жетістік өз алдына, тасымал көлемі, вагондар айналымы, жүк тиеу-түсіру де жылдағы көрсеткіштен анағұрлым артқан.
Жазғы маусымда тәулігіне 20 жұп жүк пойызы, 8 жолаушы пойызы өтетін бірінші сыныпты тораптық станция жұмысы бүгінде қауырт. Қазіргідей жаһандық экономикалық ахуалға қарамастан тың ізденістер, жаңа жобалар нәтижесінде кіріс көлемі артып келе жатқаны байқалады. Бүгінгі таңда ұлттық компания басшылығы алға қойып отырған басымдықтар – үнемділік, эксплуатациялық жұмыстарды ширату, жүк тасымалын арттыру және жеделдету сынды мәселелер Аягөз станциясында басты назарға алынған. Оның ішінде әсіресе үнемділікке айрықша көңіл бөлінген.
Станция бойынша экономикалық тиімділікті еселеуде батыл қадамдар жасалған. Бір ғана мысал, соңғы жартыжылдық көрсеткіш бойынша жүк тиеу ісінде жоспарды орындау 438,05 пайызға артып отыр. Ал жүк түсіру 180 пайызға орындалды. Сонымен қатар, станция бойынша вагондар айналымы 107,08%-ға артыпты.
Экономикалық тиімділіктің еселенуіне жаңадан ашылған ірі өндіріс ошақтарын теміржол қызметін пайдалануға тарту және жүк тасымалдауды автокөліктен темір жолға көшіру шаралары оң нәтиже берген. Бұл ретте іргелі кәсіпорындармен, атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жүргізілуде. Өзара іскерлік әріптестік аясында жаңа мүмкіндіктер пайда болуда.
– Аягөз станциясы бойынша жүк тасымалы айтарлықтай артып отыр. Биылғы нәтиже өткен жылғы көрсеткіштен анағұрлым жоғары. Коммерциялық құпия болғандықтан тәптіштеп айта алмаймыз. Тоқтала кетер жайт, маусымдық жағдайға байланысты жүк тасымалының көлемі алдағы күзде тағы да артады деп күтілуде. Сондай-ақ, өңірдегі кәсіпорындар өндіретін құрылыс материалдары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері басымды үлеске ие болып отыр, – деп атап өтті Аягөз станциясының басшысы Қуаныш Әміренов.
Айта кетер жайт, Орта Азия мен Ресейдің Сібір бөлігін жалғайтындықтан әрі Қытайдың отанымызбен алыс-берісі мол Шыңжаң өлкесімен халықаралық автокөлік қатынасы түйісетін Аягөз шаһарының логистикалық маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Бұл әлбетте өз кезегінде темір жол саласына экономикалық тұрғыдан оң ықпалын тигізуде.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды