Логистиканы дамыту – уақыт талабы
Жаңалықтар
19.08.2016, 18:18
Қазақстан үшін халықаралық көлік дәліздерін ықпалдастырудың маңызды бағыты көліктік-логистикалық орталықтар (КЛО) құру болып саналады. «Батыс – Шығыс», «Оңтүстік – Солтүстік» жоғары технологиялы көліктік халықаралық дәлізін құру - тасымалды басқаруда аймақтық қуатты орталықтар ашу қажеттілігін туғызды.
Астанада ашылған орталықтан бөлек, бүгінгі таңда Шымкент, Ақтөбе қалаларында және Қорғаста КЛО-ды іске қосу бойынша жобалық жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Шымкенттегі орталықты ашу биылғы жылдың соңына жоспарланған. Оның тұжырымдамасы Астана орталығымен бірдей. КЛО қаланың әуежай, автожол және темір жол тоғысқан жерге орналасқан. Жалпы ауданы 34 га құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысының көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуда оң потенциалы бар. Облыс арқылы экономикалық қатынастарды дамытуға ықпал ететін сауда жолдары өтеді. Бүгінде бұл мүмкіндіктер біршама ұлғая түсті. Тиімді көліктік-экономикалық жағдай, ауқымды еңбек ресурстары, қазіргі заманғы телекоммуникациялық желі, іргелес мемлекеттерге тез, әрі жедел шығу отандық кәсіпкерлер үшін де, шетелдік бизнесмендер үшін де оң инвестициялық ахуал қалыптастырады. Жақын уақытта Шымкент халқының саны 2 млн-ға жетіп, ірі өндірістік кластері бар қалаға айналмақ. Нысан құрылысының аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуда маңызы зор.
Қытаймен екінші шекаралық қақпа «Қорғас» станциясы да экономикалық географиялық тиімді жерде орналасқан. Бұл станция болашақта елдің батысында «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізіне шығатын «Батыс – Шығыс» маңызды халықаралық көлік дәлізінің бағытында орналасқан. Сонымен қатар оның ірі қаржы-сауда орталығы Алматы қаласы мен батыс Қытай инфрақұрылымдық дамыған тораптарына, соның ішінде «Үрімші – Ланьчжоу – Ляньюнгань» негізгі теміржол желісіне жақын орналасуы географиялық маңыздылығын арттыра түседі. Мұның барлығы облыс аумағында жүктер мен контейнерлерді өңдеу бойынша көліктік шоғырландыру орталықтары жүйесін жасап, халықаралық көліктік дәлізі жүйесін дамыту мақсатында көліктік-логистикалық орталықты құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ал Ақтөбеде КЛО салу тиімділігі облыстың Азия мен Еуропа кіндігінде орналасқандығымен және оның жақын уақытта жаңа көліктік дәліздер құру жолымен көліктік әлеуетін дамыту мүмкіндігі артатындығымен байланысты. Ақтөбе облысы елімізде логистикалық орталық ретінде басты рөл ойнайтын болады және ол республикамызды Каспий маңы елдеріне, Ресейге, Батыс Еуропаға шығарар батыс қақпасының бір бөлігіне айналмақ.
Географиялық жағынан қарқынды дамып жатқан Еуропа, Шығыс және Оңтүстік – Шығыс Азия нарықтары арасында орналасуының арқасында көліктік логистиканы дамыту және оны жүзеге асыру деңгейі бойынша «Қазақстанның Жаңа Жібек жолы» жобасының маңыздылығы еліміз үшін өте зор. Жібек жолының экономикалық белдеуі – теңдессіз қысқа мерзімде, яғни, 8-10 күнде Грузияға, сосын 3-5 күнде Еуропаның түрлі елдеріне кететін жүктерді қабылдауға мүмкіндік береді. Тасымал айтарлықтай қысқарып, арзандай түседі. Бұрын Қытайдан Еуропаға бағытталатын жүктер тасымалы теңіз жолымен жүзеге асты. Оған 40 күн уақыт кететін. Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия арқылы Ресейді айналып өтетін бағдар: «Жібек жолы» арқылы қозғалатын пойыз Ресей аумағын кесіп өтпейді. Себебі қазақстандық Ақтау қаласында кемелерге тиеліп, 12 сағаттан соң Каспий теңізінің екіші жағалауындағы әзірбайжандық Алят портына жетеді. Ал Грузияға пойыз Поти портына дейін барып, сол жерден Қара теңіз өткелі арқылы Стамбулға, одан әрі Болгария, Украина, Румыния және Грецияға жетеді.
Елімізде тасымал көлемі ұдайы өсіп келеді. Шетелге негізінен мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, астық, қара және түрлі түсті металдар жөнелтілуде. Қазақстанда көліктік логистикалық қызмет көрсететін ондаған көліктік экспедиторлық компаниялар жұмыс істейді. Елімізде Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларындағы ірі көліктік логистикалық желілер Қазақстанның жүк айналымын орталықсыздандыруға мүмкіндік ашады.
Қазақстан аумағы арқылы өтетін көліктік дәліздердің басты артықшылығы – ара қашықтықтың айтарлықтай қысқаруы болып табылады. Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы қатынасты толықтай жүзеге асырғанда тасымал қашықтығы теңіз жолына қарағанда екі есеге және Ресей аумағы арқылы өтетін транзитпен салыстырғанда 1000 км-ге дейін қысқарады.
Райхан Рахметова
Астана
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн