Текесудың жүгі ауыр
Шымкент бөлімшесінің 70 пайыз жүгі Текесу станциясының «мойнында» деуге болады. Шымкент мұнай өңдеу зауыты –«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС аумағы 100 гектарға созылған, мың жарым адам жұмыс істейтін ірі нысан.
Елімізде Атырау пен Павлодардан кейінгі үшінші мұнай өңдеу зауытының өнімдері іргедегі Текесу бекеті арқылы Қазығұрт станциясына тасымалданып, содан ары жан-жаққа жөнелтіледі. Осылай қос станция Шымкенттегі жүк тасымалының жүгін көтеріп тұр. Сайрам, Тоғыс, Леңгір, Текесу бекеттері тораптық Қазығұрт станциясының қарамағында 15-20 жылдай болып, 2011 жылы жеке бөлініп шыққан. Қозғалыс және жүк цехы болып екі тарапта жұмыс істейтін Текесуда алпысқа жуық теміржолшы еңбек етеді. Станция бастығы Мәди Абдуллаев пен орынбасары Мырзахан Сүгірбаев және станция кезекшісі, пойыз құрастырушысы сынды қозғалыспен тікелей байланысты тұлғалар станция ғимаратында отырады. Ал логистика жөніндегі орынбасар Мақсат Ералыұлы бастаған бір топ маман, инженер Жанна Ахметова, тауар кассирі, жүк қабылдап-жөнелтушілер зауыт цехында бөлінген ғимаратта еңбек етеді. Себебі, зауыт пен станция бекетінің арасы қашық болғандықтан, теміржолшылар екі ортада сабылмас үшін, тікелей зауыт тасымалымен айналысатын мамандар сонда орналасқан. Олар құжатты реттеп, вагондарға сұйық отын құйылған кезде тексеріп, пломбалайды. Ал, бекеттегі қозғалысшылар бос вагонды зауыт тұмсығына дейін кіргізіп, дайынын Қазығұртқа жібереді. Бір қызығы, зауыттағы теміржолшылар сондағы тәртіпке сай, күн сайын жұмысқа рұқсат қағазымен кіріп-шығады. Ол қағазды әр тоқсан сайын жаңартып тұрады екен. Станция қаладағы темір жол вокзалынан он екі шақырым қашықта жатыр. Жұмысқа барып-келу үшін теміржолшыларды вокзал мен бекет арасына арнайы көлік тасымалдайды.
Шикі мұнай зауытқа құбырмен Қызылорда арқылы Батыстан келеді. Олар өңделген соң, дизтопливо, бензин, керосин, мазут, газ сынды сұйық отынға айналады.
Зауыт өнімі Қазақстаннан бөлек Ресей, Украина, Прибалтикаға жіберіледі. Зауыттан басқа бұл маңда өнімі тек облыс ішіне тасымалданатын «Шымкент мұнай өнімдері» ЖШС бар. Оның да 4 кірме жолы арқылы Түркістан, Арыс, Сарыағаш бекеттеріне сұйық отын тасымалданады. Өткен жылдың 5 айында зауыт өнімі 33 мың вагоннан жоғары болса, биылғы бес айда 29 мыңға тұрақтады. Яғни, қара алтын құнының төмендеуі де өндіріске әсер етуде, – дейді станция бастығы.
Бекет бастығының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Мырзахан Рахымбердіұлының мәліметінше, маусым айында тәулігіне 11 мың тонна мұнай өнімі тиелу жоспарланғанмен, бұл көрсеткіш 13 365 тоннаға жетіп, 230 вагонға құйылған. Осы айдың отыз күнінде 400 938 тонна жанар-жағар май мен өзге түрлері 6903 вагонмен жөнелтілген. Себебі, жыл сайын мұнай өңдейтін үш зауыт кезегімен жөндеуде тұратындықтан, маусымда екі зауыт жұмыс істемей, күш шымкенттіктерге түскен. Сондықтан науқан кезінде жүк еселеніп тиелген. Тамызда жөндеу жүргізетіндіктен, жүк тек елу пайыз тиеліп жатыр. Жалпы, 2016 жылдың 6 айында орташа тәулікте қара мұнайдың импортталған 11 741 тоннасы 201 вагонға толтырылып, жарты жылда 2 млн 136 833 тоннасы 36 632 вагонмен межелі жеріне кеткен. Ал 2015 жылы 4 млн 73 472 тонна өнім 69 422 вагонмен жіберілген екен.
Зауыттың тек газ өнімін құятын тұсында өздерінің тепловоздарымен өнімді кіргізіп, қайта шығаратыны болмаса, жалпы кешенге вагондарды текесулық пойыз құрастырушылар тепловозбен қойып беріп, шығарып алады. Бір тепловоздың қуаты тек он бес вагонды тартуға жететіндіктен, бекеттегі екі маневр тепловозы қосылып 30 вагонды бірге тартады. Станцияда жүк қабылдап-жөнелтуге арналған 7 жолдың бесеуі электрлендірілген. Өндірістік аумаққа кіретіндіктен, Текесу бекетінің маңында халық орналаспаған. Әскерилендірілген күзет қызметі өкілдерінің бірі зауытты, екеуі бекет аймағын күзетеді. Әрі өнімді Қазығұртқа дейін вагонға мініп, ілесіп күзетіп барады.
Текесу мен Қазығұрт бекетінің ортасында вагондарды жуып, тазалайтын ППС мекемесі бар. Күн сайын кешкісін текесулықтар қазығұрттықтарға «мазутқа 60, дизтопливаға 60, бензинге 70 вагон керек» деген сынды тізім жасап, тапсырыс береді. Таңертең дайын вагондар легімен Текесуда тұрады. Ортадаға ППС мамандары өнімнен босаған вагондарды қайта жуып, Қазығұртқа жіберсе, қазығұрттықтар оларды рет-ретімен бос жолдарға қойып, текесулықтарға дайындап отырады. Мұнай өнімдері құйылған вагодар сап түзеп қайтадан Қазығұртқа барады. Сол жердегі дөңестен сұрыпталып, Өзбекстанға кететіні Сарыағаш бағытына, Алматыға баратыны Түлкібас жолына, Батысқа кететіні Түркістан бағытына жіберіледі.
Текесу төңірегі арнайы экономикалық аумаққа жатады. Мұнайға қатысты екі-үш зауыттан бөлек, кілем, шұлық өндіретін 2 зауыт бар. Соңғылары әлі нарықты бағындыра қоймаса олардың қызметі үшін екі кірме жол тартылған. Текесудің жеті жолында төгілетін жанар жағар май – өрт қауіпсіздігі үшін қауіпті. Сондықтан, құрамдар арасында темекі тұтатып, оттық ұстап жүруге қатаң тиым салынған. Күзетшілер өрт болмауы мен аумаққа бөгде адам мен тұяқтылардың кірмеуін жіті қадағалайды.
Динар МЕЙІРМАН, Текесу
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды