Алматы – Шу арасы қызу құрылыс...
Жаңалықтар
19.05.2016, 15:45
Ағымдағы жылдың көктемінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Алматы-1 – Шу бағытындағы темір жол телімінің екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру басталды.
Тоғыз жолдың торабына орналасқан Шу станциясынан 15 шақырым қашықтықтағы Кемер станциясынан бастау алған бұл құрылыс салаға жан бітірді. Жалпы Елбасының «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасына сәйкес салынып жатқан Алматы – Шу темір жолының екінші желісінің құрылысы Қазақстан үшін маңызы зор жоба болмақ. Осы жоба аясында 110 шақырым жол төселіп, 16 станция жаңартылуда. Жүзден астам инженерлік құрылғы бой көтеруде. Жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалының көлемі артады. Пойыздар қозғалысы өсіп, оның қатарында жүк пойыздарының жылдамдығы бір жарым есеге артады. Құрылыс барысында 1400-ден астам адам жұмыспен қамтылса, пайдалануға берілген соң да қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Сондай-ақ Алматы – Шу учаскесіндегі екінші темір жол желісі құрылысының басталуы Жамбыл облысының да әлеуметтік-экономикалық бағытта өркендеуіне өз септігін тигізіп отыр. Өйткені, темір жол – ел экономикасының күретамыры. Кез келген мемлекеттің экономикалық даму үрдісін сөз еткенде, міндетті түрде жол мәселесі алға шығады. Елбасы барлық аймақ әуе, темір жол, тас жолмен өзара тығыз байланысуы керек деп айта келе, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған инфроқұрылымдық дамудың бірнеше бағытын ұсынды. Оның қатарында әуе және темір жол, автомобиль жолдарының инфроқұрылымын дамытуда бірқатар тапсырмалар берді. Осы тапсырмалар аясында салынып жатқан Алматы-Шу темір жолының екінші желісінің құрылысы өңірде темір жолдың даму тарихын ары қарай жалғастырмақ. Өйткені, бүгінде ел экономикасы дамып, темір жол тасымалына сұраныс өсті. Ал, темір жолдың осы учаскесінің өткізу қабілеті тәулігіне 24 пар жүк тасымалдау пойыздары көлеміне жетіп отырса, бұдан басқа 27 пар пойыз жолаушылар тасымалы. Соңғы кездері жолаушылар пойызының, әсіресе жүйрік пойыздар көлемінің артқанын ескерсек, темір жол саласына жүктелген міндеттердің қаншалықты жауапты екендігін ескеруге болады. Осы тұрғыда жаңадан екінші темір жолдың іске қосылуымен жүк тасымалдау көлемі үш есеге ұлғайып, жол жүру мерзімі екі есеге азаятыны қуантуда. Бұл стратегиялық маңызы зор жоба ел экономикасының сұранысын қанағаттандырумен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтеруге, жол қауіпсіздігін нығайтуға мол мүмкіндіктер береді. Мұндай жол құрылыстары тек аймақаралық қатынастарда ғана емес, облыс экономикасының басқа да салаларын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде темір жол халықтың бақуатты тірлігінің көзіне айналды. Жамбыл өңірінің темір жол өтетін аймақтарында 80 мың адам тірлік етсе, соның 12 мыңы темір жол саласында тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты