Жарты жылда 1,5 млн жолаушы
Астана әуежайы жұмысының қорытындысы бойынша 2016 жылғы І жартыжылдықта жолаушылар ағыны 1,5 млн адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға артық.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша аталған уақыт аралығында ішкі бағыттар бойынша жолаушылардың жалпы көлемі 1 млн-нан астам адамды құрап, 2015 жылға қарағанда 11%-ға өскен. Сұраныс көп бағыттар Алматы, Шымкент және Ақтау болып табылады. Халықаралық бағыттарда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 493 мыңға жуық адамды құрады, бұл өткен жылдың 6 ай көрсеткішімен салыстырғанда 6%-ға аз. Танымал бағыттар Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу болып шықты. Рейстердің азаюы ішкі туризмнің дамуына, халықаралық бағыттарға билет бағасының қымбаттауына байланысты. Астана әуежайында қызмет көрсетілген рейстердің саны – 11 955 рейс, былтырғымен салыстырғанда 4%-ға артық. Осы жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша өңделген жүктер мен пошта саны 4 012 тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Өндірістік қызмет көрсеткіші артуының негізгі факторы қолданыстағы рейстердің жиілігін көбейтуден және жаңа бағыттар ашудан болып отыр. Жылдың басынан-ақ елордалық әуежайда жаңа бағыттар ашылды. Ағымдағы жылғы мамырда Air France KLM авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілігімен Астанадан Амстердам қаласына жаңа бағыт ашты. Чартерлік туристік бағдарлама да саяхаттау жанкүйерлерін қуантты. 1 маусымнан бастап BH Air Бургас қ. жыл сайынғы чартерлік бағдарламасын қайта бастады. Алғаш рет Астана әуежайынан Skybus авиакомпаниясы Сочи, Батуми қ. жаңа бағыттар ашты. Бұдан басқа аталған компания Батуми, Грозный қалаларына чартерлік тасымалдарды орындайды. Жазғы кезеңге Ellin Air авиакомпаниясы әуесқой саяхатшыларға Салоники қаласына чартерлік туристік бағдарламасын қайта бастады. Сонымен қатар, тұрақты серіктестер Эйр Астана, Түрік авиажолдары, Атлас Глобал жазғы маусымға Анталья қаласына чартерлік рейстерді қайта бастады
Астана әуежайы Экспо-2017 көрмесінің қонақтарын қарсы алуға белсенді дайындалып жатыр. Осыған байланысты жолаушылар терминалының реконструкциясы жобасы кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі уақытта терминал ғимаратының монолитті темір бетон қаңқасын көтеру бойынша жұмыстар аяқталды, шатырдың, техникалық қабаттың, келбетінің металл құрылмасының монтажы жүріп жатыр, еденді, аралықтарды, ішкі инженерлік коммуникацияларын жасау құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, әрлеу жұмыстары басталды. Жаңа жолаушылар терминалын енгізумен бірнеше қызметтер автоматтандырылады деп күтілуде.
Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды