Талап – халықаралық стандарт
Жаңалықтар
19.05.2016, 16:18
«...ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді».- дейді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» халыққа жолдауында.
Қазір бұл жобаның сәтті жүзеге асырылып жатқанын көреміз. Оның айқын дәлеліне, өткен айдың соңына таяу Астана халықаралық әуежайында бизнес-авиация терминалының ашылуын атар едік. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «KTZ Express» АҚ ұлттық мультимодальдық тасымалдау операторымен әуежайлар желісін басқару ісін жүргізетін еншілес ұйым «Airport Management Group» ЖШС құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда бұл компания Zurich Airport International AG-мен серіктестікте республика әуежайларының жұмыс сапасын арттыру, озық әлемдік тәжірибелер, стандарттар мен технологиялар трансферті, трафикті ұлғайту, сервис пен қаржылық жағдайды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруда.
Өткен жылдың қыркүйегінде Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда қалалары әуежайларының мемлекеттік акция пакеттері жеті жылға AMG-дің сенімді басқаруына берілген болатын. Ал биылғы жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарылымындағы Ақтөбе, Атырау, Павлодар қалаларындағы әуежайларды аталмыш компанияға табыстау көзделсе, 2018 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық жекеменшігі қарамағындағы Өскемен, Семей әуежайларын беру межеленген. Сөйтіп, басқарушы компания портфелінде 11 әуежайдың басы тоғыспақ.
–Біздің міндетіміз, қарамағымыздағы әуежайларды Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына, яғни, ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестендіру. Сонымен қатар, қаржылық көрсеткіштерді жақсарту және мемлекеттік әуежайлардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Міне, осы мәселелерді оңтайлы шешу үшін AMG, «Zurich Airport International AG» швейцарлық компаниясымен жеті жылдық келісімшартқа отырды. Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Цюрих әуежайына таңдау жасады. Себебі, бұл әуежай соңғы он жыл ішінде авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша әлемдік көшбасшы болып отыр. Ал жаңағы қол жеткізілген келіссөздер шеңберінде Цюрих әуежайының мамандары өндірістік, қаржылық, әкімшілік және коммерциялық, сондай-ақ, кадр саясаты саласында жан-жақты қолдау көрсететін болады. Халықаралық тәжірибе мен технологияларды бізге беру үшін аталған компания өкілдері елордаға жиі келіп тұрады. Олар Астана әуежайының базасында қалған алты әуежай өкілдерінің басын қосып, авиациялық қауіпсіздік мәселесі бойынша тренинг те өткізді, – деген «Airport Management Group» ЖШС бас директоры Клод Бадан швейцарлық мамандардың қатысуымен қауіпсіз ұшу, инфрақұрылым және авиациялық қауіпсіздік салалары бойынша әуежайларға кешенді бағалау жүргізілгенін, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және әуежайлар жағдайларын жақсарту бойынша ұйғарымдар берілгенін жеткізді.
Осылай, басқарушы компаниялар тобына кіретін әуежайларда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, жолаушылар мен жүк тасымалының тұрақты өсімі байқалып, жаңа бағдарлар ашылуда. Қызылорда мен Көкшетау қалаларындағы әуежайларға халықаралық мәртебесі берілген. Сонымен қатар, бүгінде «Airport Management Group» компаниясы әуежайларға біртұтас қаржылық, статистикалық және басқарушылық есебінің стандартын енгізіпті. Осы жылдың соңына дейін Цюрих әуежайының интеллектуалдық меншігі мен ноу-хауға бейімделуі, трансферт технологиясы арқылы қызмет көрсету сапасы мен авиациялық қауіпсіздік, ұшу қауіпсіздігі бойынша корпоративтік стандарттарды жасау және енгізу жұмыстарын тәмамдау көзделуде екен. Басқарушы компания басшысының сөзіне қарағанда, аймақтық әуежайларды жаңғырту, бағдарлық желілерді дамыту жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде әуе көлігі қызметтері халық сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік алмақ.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты