«Нұрлы жол» жобаларымен танысты

Жаңалықтар
20.05.2016, 15:24
Оқуға 2 мин
Таяуда Алматы облысында Алматы – Талдықорған автожол бөлігінде баспасөз туры болып өтті. Шараның негізгі мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамды инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген жобасының жүзеге асырылу барысымен таныстыру көзделген. Өткен жылы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының торабын дамытуға 174 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде 41,2 млрд теңге Алматы облысына қарастырылған. Ол жалпы бюджеттің 24 % құрайды екен. Биылғы жылы жалпы автожолға республикалық бюджеттен 234 млрд теңге межеленсе, оның ішінде Алматы өңіріне 47,8 млрд теңге жұмсалады деп жоспарлануда. Ағымдағы жылы 306 шақырым автожол бойында жұмыстар жүргізілсе, 265 шақырым жол қайта қалпына келтіріліп, 41 шақырым жолға орташа жөңдеу іс-қимылдары жүзеге аспақ. Жыл соңына дейін, 98 шақырым жаңартылған автожол пайдалануға берілмек. Ол үшін 946 дана техника мен 1767 адам жұмысқа тартылған. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің қарыз беруі арқылы Алматы – Қорғас автожол бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқаны хабарлануда. Құрылыс жұмыстарын Қазақстанның «Қазақжолқұрылыс», «К-Жолқұрылыс», «Найза-Құрылыс», түріктердің «СинеМидасСтрой», итальяндықтардың «Тодини» сияқты белгілі компаниялары, сонымен қатар, жергілікті «Талдықорған жолдары», «Қапшағай көпіржасағы» және басқа да компаниялар атқаруда. Жолды қайта қалпына келтіруге қолданатын материалдардың 90% отандық өндірушілердің өнімдері болып табылады екен. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық операторы инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,6 трлн теңге болатын 7 100 шақырым жолды құрылыс-жөңдеу жұмыстарымен қамтуды болжауда.

Тәңірберген АРҒЫН

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты