Елбасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысын қабылдады

Жаңалықтар
20.05.2016, 15:37
Оқуға 2 мин
 Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті Асқар Маминді қабылдады. Кездесуде Ұлттық компания жетекшісі Мемлекет басшысын ағымдағы қызмет барысы жайлы ақпараттандырып, еншілес кәсіпорындардың тиімділігін көтеру шаралары, негізгі жобаларды жүзеге асыру мен болашақ жоспарлар туралы әңгімеледі. Президент «Нұрлы жол» бағдарламасы мен оның аясында көзделген ауқымды жұмыстарды тиянақты тындырудың маңыздылығына назар аударды. – Астанадан «сәуле тармақтары» тәсілімен төселіп, қайта құрылымдалатын автомобиль жолдарының құрылысын тұрақты бақылауда ұстау қажет. Аталған істер мультипликативті әсерін байқатып, өнім өндірушілерді техника мен құрылыс заттарын жеткізуде тапсырыспен қамтамасыз ететін болады. Қазіргі экономикаға оңай соқпайтын заманда, бұл қадам дамудың тың драйверіне айналмақ. Біз Жібек жолының «экономикалық белдеуіне» кіретіндіктен, Қытай Халық Республикасы да өз қолдауын көрсетпек, - деді жүздесуде Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті, Астанада халықаралық қаржы орталығын құру бағытында, көліктік-логистикалық саланы өркендету бойынша да белгілі бір шаруаларды жүргізуді талап ететінін атап өтті. – Елорданы Дубай, Франкфурт, Гонконг сияқты алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарымен байланыстырған жөн. Азаматтық авиация шеңберінде осыған дайындық жасап, жаңа бағдарларды игеру керек. Сонымен қатар, ішкі рейстерді кеңейтуде де әуе компанияларының іргетасын қалаған абзал, - деп нұсқады Елбасы. Өз кезегінде, Асқар Ұзақбайұлы, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жаңа темір жол, автомобиль магистральдері салынып, теңіз порттары мен әуежайлар инфрақұрылымын жаңғыртуда жан-жақты әрекеттер іске асырылуда екенін жеткізіп, Инфрақұрылымдық даму жоспарында айқындалған ірі жобалар легі жайында хабарлады. Мәселен, батыс аймақтық көлік жүйесін дамытуда Ақтау теңіз портының өрісін ұзартатын үш жаңа жүк терминалы бой көтеруде. Осымен бірге, Боржақты – Ерсай темір жол желісі салынуда. Жалпы, ҚТЖ басшысы, Қазақстанды Еуразияның көліктік-логистикалық хабы мәртебесіне көтеру міндеттерін орындауға қажетті күш-жігер жұмсалуда екенін айтты. Бұл мақсатта ел ішінде де, шетелде де логистикалық инфрақұрылым жасақталуда. Мысалға, Қытай – Қазақстан – Еуропа бағдарында контейнерлік ағым көлемі соңғы үш жыл жемісінде 15 есеге өседі деп күтілуде. Тағы бір батыл қадамға қатысты, Үндістан жағына транзиттік тасымал ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. Ағымдағы мамыр айының 21-22 күндері шымылдығын түретін «Жаңа Жібек жолы» ІІІ Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы қарсаңында өткен кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Форум алаңында «Жаңа Жібек жолын» дамыту барысы талқыланып, қатысушылар халықаралық тасымалды тұрақты жасақтау, Азия мен Еуропа арасындағы контейнерлік сервисті ықпалдастыру, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы бизнестің рөлін көтеру жайын сөз етеді деп болжануда. Тәңірберген АРҒЫН
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты