Астық тасымалдау маусымы басталды
Қоңыр күз келді. Астық тасымалы маусымы. Аграрлы ел болып табылатын Қазақстанда астық тасымалын ұйымдастыруда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жүктеліп отырған міндет зор, жауапкершілік жоғары. Бұл ретте Ұлттық компания өз міндетін абыроймен орындап, астық тасымалын ұйымдастыруда сенім үдесінен табылып отыр.
Айталық, үстіміздегі жылдың сегіз айында Компания бойынша 4877 мың тонна астықтың тиеліп, соның 1773,2 мың тоннасының республика ішіне, ал 3104 мың тоннасының экспортқа шығарылып, жоспардың 100 пайыздан асырыла орындалып отыр.
Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда да жоғары көрсеткіш.Осы ретте, экспорттық бағыттағы жүк тиеліміне тоқталсақ, онда астықтың басым бөлігі, яғни 53 пайызы немесе 1642,3 мың тоннасының Орталық Азия елдеріне бағытталғанын байқар едік. Ал Ресейге және одан әрмен қарай 529,7 мың тонна, Иранға 461,8 мың тонна, Ауғанстанға 135,6 мың тонна, Әзірбайжан мен Грузияға 17 мың тонна, ал Қытайға 282 мың тонна, Балтық жағалауы елдері мен Беларусь республикасына 35,7 мың тонна астық тиелген.
Жыл басынан бергі сегіз ай ішінде барлығы 1724,5 мың тонна ұн тиеліп, соның 410 мың тоннасына жуығы ел ішіне таратылса, қалған 1320 мың тоннадан астамы сырт ел асқан. Бұл жерде қазақ елінің ұнына Орталық Азия елдерінің сұранысы жоғары екенін көруге болады. Яғни 823,3 мың тоннаны құрауда. Бұдан кейін бүгінгі күнге дейін Ауғанстанға 485 мың тоннадан артық астық тиелсе, өзге елдер еншісіне 12,2 мың тонна ұннан келіп отыр.
Сөз орайы келгенде, «Болашақ» шекаралық станциясы арқылы Иран мен Ауғанстан бағытына астық тасымалдайтын пойыздар санының биыл, өткен жылға қарағанда көбейгенін атар едік. Болашақ станциясының бастығы Жарас Жолаев, осы мемлекетаралық түйісу нүктесі арқылы биыл жыл басынан бергі астықтың пойызбен экспортталуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артқанын айтады. «Өткен жылдың алғашқы бес айында Болашақ арқылы 1011 вагон, яғни, 64 624 тонна астық жөнелтілсе, биыл осы аралықта 1157 вагон, яғни, 73 905 тонна астық жіберілген. Сонымен дәл қазіргі күнге вагондар санымен есептегенде, біздің мемлекетаралық түйісу нүктесі бойынша астықтың экспорттық тасымалы 146 вагонға немесе 14 пайызға артып отыр», дейді станция бастығы.
Нақтырақ айтсақ, биыл жыл басынан маусым айына дейін Иранға 1046 вагонмен 66 367 тонна астық жөнелтіліпті. Соның ішінде 621 вагон, яғни 38 533 тонна арпа, 424 вагон, яғни, 27 766 тонна бидай және 1 вагон, яғни 68 тонна зығыр дәні жіберілген. Ал Ауғанстанға жөнелтілген астық көлемі 111 вагонды немесе 7538 тоннаны құраған, соның 7 вагоны, яки 471 тоннасы арпа, 104 вагон немесе 7067 тоннасы бидай екен. Өткен жылдың 12 айында осы бағыттарда Болашақ станциясы арқылы жөнелтілген астық тасымалы небары 1452 вагонды құраған екен. Ал биыл бұл көрсеткіш біршама өседі деген болжам бар.
Ұлттық компанияның жүк тасымалын ұйымдастыруда жауапты мамандары жылдағы үрдіс бойынша биыл да ел аймақтарына шығып, жүк жөнелтушілермен келелі кеңестер өткізіп, астық тасымалына қатысты мәселелерді егжейлі-тегжейлі анықтаған болатын. Сондай бір кездесу егінді алқап Қостанай өңірінде өткен. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ логистика департаментінің директоры Дәулетбек Нигметовтың қатысуымен өткен кездесуге жүк жөнелтушілермен қатар облыс әкімшілігі, кәсіпкерлер палатасы, өзге де мемлекеттік құзырлы орган өкілдерімен қатар, «Астық-Транс», «Қазтеміртранс», «KTZ Express» АҚ сияқты вагон операторлары қатысып, биылғы жыл егінін тасымалдау мәселесі жан-жақты талқыланып, зерделенді. Егер нақты деректерге сүйенсек, Қостанай облысындағы егін алқабы биыл 4 млн 178 мың гектар жерді құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдар көрсеткішіне қарағанда 159 мың гектарға артық болып отыр. Ал облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің жасаған алдын ала болжамы бойынша, биыл жинап алатын егін көлемі шамамен 5 млн 13,7 мың тоннаны құрамақ. Сонда астық тиелімі Қостанай бөлімшесі бойынша тиелетін жалпы жүк көлемінің 10-нан 16 пайызға дейінгі мөлшерін құрамақ.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды