Жеті адам – үздік рационализатор
Осы аптада Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесінің жыл басынан бергі сегіз айда атқарылған жұмыстарын қорытындылаған тораптық кеңес өтеді деп күтілуде.
Бұл жиналыс барысында жүк айналымының сандық және сапалық көрсеткіштері, жүк тиелімі, жүк түсіру, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі, жүк жөнелтушілермен арадағы байланыс, алдағы қыс маусымына шаруашылықтар мен кадрларды дайындау, көмір тасымалына вагондармен қамтамасыз ету, тағысын тағы мәселелер көтеріліп, кемшліктер мен проблемалық жайттар талқыға түспек, сондай-ақ, күрмеулі мәселелердің дұрыс шешімін табу жолдарын қарастырылмақ. Әйтсе де, бұл жиын да теміржолшылардың жұмыстағы кем-кетігін түгендеп, түзеумен қатар, қол жеткізген жетістіктері де назардан тыс қалмақ емес. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығының мамандары Қарағандыға арнайы барып, Компания президентінің тапсырмасымен жаңалық ашуда ерек еңбектерімен көзге түскен үздік өнертапқыштарға «Үздік рационализатор» төс белгісін куәлігі табыс етіліп, дипломмен марапаттайтын болады.
–«ҚТЖ» ҰК» АҚ рационализаторлық қызметті 2011 жылдан бастап қолдап, ерен жаңалығымен ерекшеленген өнертапқыштарды қаржылай ынталандырып келеді. Сол уақыттан бері қарағандылық теміржолшылардың рацқызмет аясын кеңейтуге белсенді үлес қосып келе жатқаны байқалуда. Мәселен, өткен бес жыл ішінде 60 теміржолшыдан рацұсыныс келіп түссе, соның 30 пайызын қарағандылық өнертапқыштар құрап отыр. Бұл жоғары көрсеткіш. Алдағы тораптық жиында, біз өткен жылдың қорытындысы бойынша рацұсыныстары топ жарған Қарағанды бөлімшесінің 7 еңбеккерін «Үздік рационализатор» төсбелгісімен марапаттайтын боламыз. Олар Қарағанды және Ағадыр электрмен жабдықтау дистанциясының, Ағадыр машиналандырылған жол және ірілендірілген жол дистанцияларының қызметкерлері болса, ал екеуі Қарағанды вагон пайдалану депосының, ал біреуі Жаңарқа белгі беру және байланыс мекемесінің еңбеккерлері, – дейді орталық директорының орынбасары Наталья Смольянова.
Ислам ТАЛҒАТ
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды