Жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жаңалықтар
06.09.2016, 11:06
Оқуға 2 мин
Қазіргі кезде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалы ұзындығы 64 шақырымға жуық бірнеше учаскелерде және көктем тасқындарынан зардап шеккен екі су өткізетін құбырларда жөндеу жұмыстарын бітіргенін хабарлайды аталған қоғамның баспасөз қызметі.     Жылдың соңына дейін тағы да мемлекеттік деңгейдегі 98 км  автожолды  жөндеп, оның 91 км жолды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бұл күнде орташа жөндеу жұмыстары «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Астана – Рождественка – Киевка – Теміртау» және «Қызылорда – Павлодар – Ресей шекарасы» телімдерінде аяқталыпты. Сондай-ақ, өткен жылы тасқыннан зардап шеккен «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» автожолының Кульса өзені арқылы өтетін көпір күрделі жөндеуден өткен. Бұл нысанда жөндеу жұмыстары өткен жылдың қыркүйегінде басталып, биылғы шілде айында аяқталды. Жөндеу барысында көпірдің жүретін жолы кеңейтіліп, ұзындығы 3 есе ұлғайтылды, сондай-ақ, көпірдің жүк көтергіштік қабілетін күшейтілген. Қазір көпір автокөлік қозғалысы үшін ашылған.    Ал биыл «Астана – Рождественка – Киевка – Теміртау» автожолының 21 шақырымына күрделі жөндеу жүргізіліп, оның құрамындағы Көкпекті өзені арқылы өтетін көпір толығымен жөнделді.  Бұл телім алдағы қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал жөндеу жұмыстарын алдағы жылы толық аяқтауға межеленген «Бастау – Ақтау – Теміртау» жобасы бойынша ұзындығы 41 км автожолдың 7 шақырымын биыл жөндеп біту жоспарланып отыр.   «Жезқазған – Қарағанды» телімінің де ұзындығы 12 км аса күрделі автожол телімі ағымдық жөндеуден өтіп, мұнда автокөлік қозғалысы ашылған. Өткен айда «Жезқазған – Қарағанды» жолының тағы 6 шақырымында ағымдық жөндеу жұмыстарын бастаған болатын, оны тәмамдау  2016 жылдың қараша айына белгіленіп отыр. Мамандар, жөндеу жұмыстарынан кейін телімдерде көліктік-пайдалану көрсеткіштері жоғарылап, қозғалыс қауіпсіздігінің жақсара түскенін мәлімдеп отыр.

Нұрбек БЕКЕН

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды