Басты бағыт - "Нұрлы жол"
Жаңалықтар
23.05.2016, 10:32
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Елбасыға ұлттық компанияның өткен жылғы қызмет нәтижесі мен биылға арналған жоспарлары жайлы баяндап, Ұлттық компания операторы саналатын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыру барысынан ақпар берген.
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін нығайтуда, экономиканы әртараптандыруда және де жаңа жұмыс орындарын құрып, жалпы ішкі өнімді еселеуде көліктік-логистикалық кешенді дамытудың маңыздылығын атап өткен. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев инфрақұрылымдық жобалар мен экспорттық бағыттағы жоғары технологиялы өндірістер, елдегі экономикалық саясаттың басым бағыты екеніне назар аударған.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының жетекшісі автомобиль және темір жол магистральдарын қайта құрылымдау, Каспий жағалауындағы порттық нысандарды жаңғырту, «Қорғас» экономикалық аймағы мен шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тыныс-тіршілігін өркендету қадамдары аясындағы барлық жұмыстар кестеге сай атқарылуда екенін жеткізген. Мәселен, былтыр «Боржақты – Ерсай» темір жол желісі қолданысқа тапсырылып, «Қорғас – Шығыс қақпа» АЭА «Құрғақ портының» тұсауы кесілді. Осымен бірге, Ақтау айлағының бірқатар нүктелері, Астанада орналасқан Орталық Азиядағы ең ірі көліктік-логистикалық орталық пайдаланымға берілгені аян. Осы жылдың аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паромдық кешен құрылысы аяқталып, «Алматы-1 – Шу» темір жол теліміндегі екінші жол бой көтеріп бітетіні көзделуде. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына орай, елордада әуежайдың халықаралық терминалы мен жаңа темір жол вокзалының құрылысы тәмамдалмақ.
Тағы бір өзекті мәселе, Компаниядағы қызметті жетілдіру мен шығындарды қысқарту бағдарламасының жемісінде, экономикалық тиімділік 2015 жылы 169 миллиард теңгеден асып түскен. Контейнерлік пойыздарды жіберудегі белсенді іс-қимыл арқасында Қытай мен Еуропа арасындағы қатынаста транзиттік контейнерлік ағым өткен он екі айда 2 есеге өсіп, транзиттік тасымалдан келетін кіріс көлемі ортақ үлестен 28 пайызды төңіректеген. 2011 жылмен салыстырғанда 43 есеге көтерілген. Қазіргі таңда отандық темір жол көлігі өнімдерін Иран мен Украина нарығы қабылдауға мүдделілік танытып отырғаны да қуантады.
Кездесу қорытындысында Елбасы нақты міндеттерді айқындаған.
Бұл тұста Қорғасдағы қызу істің мән-жайына қанықтыра кетсек, Қытаймен қақпада 10,6 млн текше метр топырақ толық үйіліп, екі жолақты жол салынған. 23,7 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты төселген. «Қорғас – Алматы» тоннельдік үлгісіндегі көлік айырымы, контейнерлік терминал дүниеге келген. Алтынкөл станциясымен түйіспе нүкте, кіреберіс жолдар, Өнеркәсіптік станциясы, Құрғақ порттағы контейнерлік терминал сынды бөліктерден тұратын «Қорғас – Шығыс қақпа» жобасы темір жол телімінің техникалық дайындығы туралы акті бекітілгені де белгілі. Құрғақ порт операторы, кедендік рәсімдеу орталығы, басқарушы компания, өрт сөндіру депосы, уақытқа сақтау қоймасы тәрізді нүктелердің құрылысы тәмамдалғаны да біраз уақыт өтті. Құрғақ жүк порты құрамында контейнерлік алаң, кіреберіс темір жолдар, қоймалық жайлар пайда болған. Осымен бірге, қажетті істерге кіріскен тиісті жерде жиырма футтық өлшемдегі контейнерлердің өңделіп үлгергені, қаптамадағы, жекелеген өнімдердің белсенді таразыланып жатқаны мәлімделуде. «Қорғас»ХШЫО алқабында экспорттық-импорттық сауда әрекеттерін түзіп, уағдаластық шеңберіндегі логистика тізбегін жүргізуде инвестициялық жобалар бастау алған.
Нәтижесінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тындырылудағы шарапатты жобалар, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетіне соны түрде серпіліс сыйлап, жаңа Жібек жолының экономикалық белдеуін құруға елеулі септігін тигізбек.
Тәңірберген АРҒЫН
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты