Отандық кәсіпорындар тапсырыспен қамтылады

Жаңалықтар
23.05.2016, 16:34
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сынды еліміздегі ірі Ұлттық компаниялар қазіргі күрделі экономикалық ахуал жағдайында отандық кәсіп иелеріне сұраныс көлемін төмендетпей, жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесе алады. Бұл туралы кеше «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялар мен «Атамекен» ҰКП арасында кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында өзара әрекеттестік туралы келісімге қол қою рәсімінде айтылды. Қазақстандық бизнес үшін маңызды шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамындағы жүйе құраушы кәсіпорындардың аталған бағытқа жауапты басшылары қатысты. «Қазақстан темір жолы» компаниясынан корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Ерік Имашев құжатқа қол қойды. Бұл қадам барысында елдегі ірі өндіріс орындары мен кәсіпкерлердің ұзақ мерзімге тұрақты байланыс орнатуы, тиісінше олардың импорт алмастыру жолында жемісті ынтымақтастық жүргізуі мақсат тұтылуда. ­– Экспорттың қысқаруы, шикізат көздеріне мұқтаждықтың азаюы сынды өзекті дүниелер баршамызды алаңдататыны рас. Осы орайда, жыл сайын біз өңірлерді аралап, жағдаймен жете танысуды дәстүрге айналдырғанбыз. Жергілікті кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығын қорғап, ұсыныстарын Ұлттық компанияларға жеткізуге тырысамыз.  Мысалға, «Самұрық-Қазына» қорындағы сұраныстың 94 пайызы осы «Қазмұнайгаз», «Қазақстан темір жолы» сияқты 8 компанияға келеді екен. Бұл компаниялардың бәрінің биылға сатып алуы өте қомақты қаржыны көрсетуде. Осыған орай Ұлттық қордан бөлінетін 1 триллион теңгені мүмкіндігінше кәсіпкерлерге үлестірсек, ел еңсесі көтеріліп қалатыны анық. Импорт алмастыруда қажетті тауарларды бәсекеге қабілетті болатындай өзіміз өндіруге тырыссақ деген міндетті алдыға қоюдамыз. Өндірісін игеруде бизнесмендерді 4800 тауар аталымы күтіп тұр, – деді Атамекен басшысы. ҰӘҚ еншілес компанияларымен келісімге қол қоюдың негізгі мақсаты – квазимемлекеттік секторда өткізілетін мемлекеттік сатып алулар тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін бизнеспен ынтымақтастықты жақсарту. Ұлттық палатамен ынтымақтасуға ниетті екендіктерін «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ растады. Тараптар өндірушілер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер арасында жылдық және ұзақ мерзімді шарттарды жасау, жоспарланған және өткізілетін сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларына мониторингті жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттестікте болуға келісті. Сонымен қатар, тағы бір атап өтерлік жайт, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының ұсынысы бойынша, теміржолшылар шағын несиелеу бағдарламасында қамтылып, қосымша бизнес саласындағы кәсіпкерлік қыр-сырына оқытылмақ. Мұндай білім ертең кенеттен жұмыс орындары қысқарып жатса кәдеге жарайтыны даусыз.

Тәңірберген АРҒЫН

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты