Мамандарға сұраныс азаюда
1998 жылы ашылған Арыс темір жол колледжі бүгінге дейін төрт мыңнан астам кәсіби теміржолшыларды дайындап шығарды. Арыстағы темір жол мекемелеріндегі мамандардың көпшілігі – осы колледждің түлектері. Аталған оқу орны бес мамандық бойынша болатжолшыларды тәрбиелеуді жалғастыруда.
2016-2017 оқу жылында колледжге 9 сыныпты бітірген 50, 11 сыныпты бітірген 15 студент қабылданыпты. Сыртқы бөлімге әзірге 30 студент құжат тапсырған. Бірақ қабылдау мерзімі қыркүйектің 20-на дейін жалғасады. Өткен 2015-2016 оқу жылында 15 студент күндізгі бөлімді, 82 түлек сыртқы бөлімді бітірген. Сыртқы бөлімдегі студенттердің елу пайызы жұмыспен қамтылған. Ал, күндізгі бөлімде оқығандардың әзірге 7-8-і теміржол саласына орналасыпты.
– Біздің студенттер Арыс станциясы мен осындағы локомотив пайдалану, вагон және вагон жөндеу деполарында оқу, технологиялық, диплом алды деп бөлінетін үш кезеңдік тәжірибеден өтеді. Ол үшін теміржол мекемелерінің басшыларымен келісімшарт жасалған. Екі жыл бұрын «ҚТЖ» ҰК» АҚ келісім нәтижесінде сұраныс арқылы Солтүстік өңірге біраз түлектерді жұмысқа орналастырған болатын. Қазіргі таңда компанияның өзі мамандарын қысқартуда. Арыстағы вагон жөндеу депосында 2 жылдың көлемінде 500-600 адамнан бүгінде 150 маман ғана қалған екен. Себебі, жаңа локомотивтер шыққан соң, бұрынғылары қолданыста аз қалған. Заманауи локомотивтер бес жылда бір рет жөндеуге тұрады. Соның өзінде олар Арыста жөнделе ме, ол жағы белгісіз. Осының бәрін темір жолда жұмыс істейтін ата-ана көріп отырған соң, балаларын темір жол саласына оқытуға қызығушылықтары төмендеді. Он сегіз жылдан бері теміржол колледжі атанып келдік, соңғы жылдары бұл салада оқуға түсетін студенттер саны азайғандықтан, бастауыш және дайындық сыныптарына мұғалім даярлайтын мамандықты аштық. Жыл басынан бері осыған сай Арыс теміржол колледжі Арыс техникалық және гуманитарлық колледжі болып өзгертілді. Бірақ, негізгі студенттер теміржолшылар болып қала береді, – дейді колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Егембердіқызы.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ