Теміржолшылар топ жарды
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін «Еңбек күні» мерекесіне орай Астанада қала әкімдігінің, қалалық кәсіподақ орталығы және кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Еңбек жолы» байқауы өтіп, онда теміржолшылар жүлделі орындарды иеленді.
Елбасының тапсырмасымен үш жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл мерекені атап өтудегі мақсат – қоғамдағы Еңбек адамының беделін арттыру, өндірістік еңбекті ынталандыру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау, жастарды өндірістік салаға тарту, көпжылдық жұмысшы әулеттер дәстүрін нығайту болып табылады. «Үздік еңбек династиясы», «Жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» аталымдары бойынша байқауға қатысуға 50 өтінім келіп түсіпті. Соның ішінен, «Үздік еңбек династиясы» аталымы бойынша темір жол саласының еңбеккерлері – Мұқашевтар әулеті үшінші орынды иеленсе, «Тұлпар-Тальго» ЖШС шебері Қуаныш Мұқышев «Өндірістің үздік жас маманы» аталымында бірінші орынды жеңіп алып, асығы алшасынан түсті. Байқау соңында барлық жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Үздік еңбек әулеті атанған Мұқашевтар династиясының темір жолдағы еңбек өтілі 60 жылға жуықтайды. Отағасы Сәлімгерей Мұқашев – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік аймақтық филиалының жолсерігі, 22 жылдық еңбек тәжірибесі бар теміржолшы. Отанасы Гүлжамал Омарова – «Вагон сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының жетекші аудармашысы, босатылмаған кәсіподақ ұйымының мүшесі, 29 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Бірнеше рет Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, ақшалай сыйақысымен марапатталған.
– Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қандай да бір түсініспеушіліктерді жою, оның алдын алуда кәсіподақтың рөлі орасан деп айта аламын. Өйткені, қарапайым жұмысшылар арасында өздеріне тиесілі әлеуметтік жеңілдіктер мен құқықтық міндеттерге бей-жай қарайтындар бар. Сондықтан оларға көмектесіп, ортада жақсы қарым-қатынас орнатуға қызмет етуді өзіме міндет санаймын. Осындай қоғамдық істерге араласуым менің негізгі жұмысыма еш кедергі келтірмейді, – дейді ол. Ал ұлдары Рустам Мұқашев алты жылдан бері осы «Вагон сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының заң кеңесшісі болып еңбек етіп келеді. Мұқашевтар әулетінің тума-туыстары да темір жол саласында еңбек етеді. Атап айтқанда, Тоқжұмановтар, Омаровтар, Есіркеповтер әулеттері – темір жолда тамырын тереңге жайып келе жатқан династиялар.
Ал үздік жас маман Қуаныш – темір жолдағы қазіргі қызметіне бала күнгі техникаға әуестігінің арқасында келген. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Көлік, көліктік техника және технология мамандығы бойынша тәмамдаған ол, 2012 «Тұлпар-Тальго» зауытында слесарь болып қызметін бастаған. Сол жылы Испанияға оқуға жіберіліп, вагон жинау, ішкі көрінісін реттеу жұмыстары бойынша білім алған. Кейіннен сапа бөлімінің маманы, былтырдан беру құрастыру цехының шебері қызметіне ауысыпты. Ол үшін қашан да сапалы қызмет және қауіпсіздік басты орында. Қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысатын жас, зауыттың кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары. Бүгінде отбасын құрған, екі қыздың әкесі. Осындай жүлдегерлерді марапаттаған қала әкімдігінің өкілдері олардың өмірі мен қызметін үлгі етерлік өнегелі жол деп атап өтті.
Райхан Рахметова
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ