ҚУАТ КӨЗІНДЕ ІРКІЛІС ЖОҚ

Жаңалықтар
24.05.2016, 13:36
Оқуға 2 мин
Шиелі станциясындағы аудандық электр желісі Түркістан мен Майлытоғай станциялары арасындағы темір жол нысандары мен жергілікті тұрғындарды электр қуатымен қамтып, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысының сақталуына қызмет жасайтын Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының тораптық учаскесі. Екі жүзден астам шақырымды алып жатқан телім бойындағы СОБ, АЛСН және КТСМ-02 құрылғыларына техникалық күтім шаралары жүргізіледі. Телім бойындағы электр қуатының үнемі, кідіріссіз берілуіне әзірлік барысында резервтік дизельді генераторлар қойылғандықтан, олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру назардан тыс қалмай өткен тоқсанда барлық генераторлар кезек-кезегімен бір сағаттан 15 мәрте жұмысқа қосылыпты. Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында электр құрылғыларына жыл басынан бері жасалатын күтіп баптау жұмыстары күн тәртібінен бір сәт болса да түскен емес. Осы бағытта автобұғаттау мен тоқ көзі құрылғыларының жоғары кернеулі желілерінің жыл басынан бері 1404,7 шақырымы, 10 км автобұғаттаудың әуе өтпелері де тексеріліп бақылаудан өткізілген. –Қазіргі таңдағы ағымдағы жұмыстар барысында 3 дана жоғары қуатты электр бағаналары құрылғыларының жай күйі тексерілсе, 108 дана бағана бақылаудан өткізілген. 185 дана электр бағанасының шіру жағдайы сараптан өткізіліп, 5 дана РЛНД сыннан өткен. Аймақтың сортаң климаттық жайы электр құрылғыларының іске жарамдылығына кері әсер беретіндіктен электрмен жабдықтаушылар бұл жайдың алдын алу үшін 305 дана бағананың (оқшаулағышын) изоляторын тазалап, қайта ораған. Және де шиелілік электриктер 2511 дана нөмерлі белгілер мен техникалық қауіпсіздік плакаттарын жаңалады, – дейді желі басшысы Алмат Үмбетов. Сонымен қатар аудандық желі еңбеккерлері жоспарлы жұмыстармен қоса, қосымша іс-шаралар жүргізуде. Мәселен 15 дана темір-бетон бағананың қирау дәрежесін анықтап, 2 дана ПОНАБ КТПО-ға ревизия жүргізілген. 24 электрооқшаулағыш ауыстырылып, 324 байлам ауыстырылыпты. Күтім барысында тозығы жеткендігі анықталған 3,750 км электро сымы ауыстырылған. Шиелі ауданаралық электр жүйесінің Бесарық пен Жаңақорған станцияларында мантерлік пункттер бар. Әр ауысымда 8 адамнан жұмыс жасайтын қызметкерлер қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмауы үшін жауапкершілікпен қызмет жасайды.  

Сабырхан НӘДІРБАЙ, Шиелі

Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды