Шалғай станциялардағы ойын алаңдары
«ҚТЖ» ҰК» АҚ саясатының басым бағыттарының бірі – шалғай станцияларда тұратын теміржолшылардың әлеуметтік ахуалын жақсарту екендігі белгілі. Осынау игілік жолында Семей жол бөлімшесі бойынша ілкімді істер жүзеге асуда.
Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың жетекшілігімен желі бойындағы шағын станциялар мен жол айрықтарында бұрын-соңды болмаған жаңалықтар пайда болды. Соның бірі – балалар ойын алаңы. Былтырғы өткен жүз жылдық шеңберінде бөлімше басшысы желі бойындағы барлық станциялармен жол айрықтарында балақайларға арнап алаңқайлар салу, байырғы алаңдарды жаңадан жабдықтау туралы соны бастама көтерген болатын. Бұл игілікті шаралардың жүзеге асуына станция басшылары мен кәсіподақ комитеттері, ПЧ-40 пен ПЧ-39 басшылығы да мұрындық болды. Нақтырақ айтсақ, Жаңа-Семей –Дегелең бағыты бойынша Талды, Жалпақ станцияларында, Жаңа-Семей – Жарма телімі аралығындағы бірқатар станциялар мен жол айрықтарында балалар алаңқайы салынды. Аягөздік жолшылардың күшімен Таңсық, 30-шы разъезд, Қарақойтас станцияларында ойын алаңқайлары бой көтерді. Алдағы жазда Жүзағаш, Ақболат, Еңірекей сынды тағы бірқатар шалғайда орналасқан шағын станцияларда да ойын алаңдары ашылмақ.
Жуырда Суықбұлақ станциясында тұратын теміржолшылар балалары үшін ойын алаңқайы пайдалануға беріліп, бұл жазға каникулға шыққан бүлдіршіндер үшін тамаша сыйлық болды. Бұл игілікті шараға теміржолшы қауымы дән риза. Мәселен, Суықбұлақ станциясының тауар кассирі Ләйла Әшімбекова Айсұлтан мен Хансұлтан есімді егіз немерелерін осында әкеледі екен.
Балаларымызды іздесек, осы арадан табатын болдық. Бұрындары балалар үшін ермек етер ештеңе жоқ болатын. Осындай, қаладан бір де кем емес ойын алаңқайы үшін бөлімше басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді суықбұлақтықтар.
Шөптіқақ станциясындағы теміржолшылардың балалары да дәл осындай мәре-сәре қуанышқа бөленді. Шағын бекетте 23 балақай бар екен. Жаңадан орнатылған ойын алаңқайынан шықпайтын бүлдіршіндердің басым бөлігі мектеп жасына толмағандар. Аналарының да қолы ұзарыпты.
Желі бойын жұмыс сапарымен аралаған Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Кәрімұлы аталмыш станциялардағы ойын алаңқайларын арнайы көріп, атқарылған істі қадағалап шықты. Ойын алаңқайлары түрлі-түсті боялып-сырланып, әткеншектер мен сырғанақтар орнатылған. Мектеп жасындағы оқушылар үшін аспалы темір турниктер бар.
– Ұлттық компания қай кезде де теміржолшылардың әлеуметтік ахуалына ерекше көңіл аударған. Желі бойындағы шағын станцияларда балалрдың ойын алаңқайларын салуды былтыр бастағанбыз, бірқатарын жаңаладық. Алдағы уақытта тағы бірнеше станцияда салуды жоспарлап отырмыз, – дейді Марлен Кәрімұлы шағын бекеттердің кішкентай тұрғындары үшін жасалып жатқан игілікті істерге тоқталып.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды