Қазанда жауған қар, күзгі байқау...

Жаңалықтар
25.10.2016, 11:21
Оқуға 3 мин
 Биыл Шымкентте қазанда бір емес екі рет қар жауып, аймақ халқы аяқ асты әбігерге түсіп қалды. Алайда, бұл уақытта оңтүстік теміржолшылары күзгі байқауды аяқтап, қысқа дайындығын толық тәмамдағын. «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалы мен  Магистральді желі бөлімшесінде күзгі комиссиялық байқау кезінде 38 станция мен 39 ғимараттың қысқа дайындығы қаралып, 497 км жол тексеруден өтті. Нәтижесінде 911 кемшілік анықталып, дер кезінде оның 725-і түзеліп үлгерген. Қалғаны 20-30 қазан аралығында қалпына келеді. Өткен жылдың күзінде 1032 кемшілік табылған екен. Соған қарағанда биыл жұмыс ширап, теміржолшылар өз ісіне жылдағыдан жауапты қараған сияқты. Арасында келесі жолы қайталанбас үшін техникалық сабақтар өтуде. Дұрыс жүргізілмеген құжаттарды толтыру әдісі пысықталуда. Жоғарыдағы 911 кемшіліктің 215-сі «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалына тиесілі болса, қалғаны магистральді желі бөлімшесінің үлесінде болып отыр.  – Біздегі кемшіліктің басым бөлігі станция басшыларының өздеріне берілген жұмыс тәртібін өз деңгейінде жүргізбеуінен туындады. Яғни, сыныптан тыс  бекеттегі теміржолшылардың біразы техникалық жұмыс кестесіне салғырт қараған. Станция басшылары апта сайын пойыз құжаттарының қалай толтырылғанын тексеруі керек. Сол міндетін мерзімінде орындамағандары бар. Үлкен қателік болмаса да, пойыздың құжатын реттегенде бір маманның қолы қойылмай қалғаны, енді бірі сауатсыз толтырғаны анықталды, – дейді филиалдың техникалық бөлімінің бастығы Ілияс Нұржанов. Ал Магистральді желі бөлімшесі бойынша 606 кемшілік анықталып, қысқа уақытта 186-сы қалпына келіпті. Бөлімше директорының орынбасары Бердібай Сейсеновтің айтуынша, үш кемшілік материалдардың уақытылы келмеуінен әлі түзеле қоймаған. Кей жолдардың жылдамдығы азайған. Меңлібай – Көктерек телімінде радиусы ең төмен 289 метрлік қисық жолдағы шпалдың ескілігінен жылдамдық 40 шақырымға шектелген. Түркістанда  локомотивтердің айналатын жолы шпалдардың жарамсыздығынан жабылғанына 3-4 жылдан асыпты. Бұл жылы қажетті шпалдың 50 пайызы ғана келсе, әлі соншасы күтілуде. Шымкент және Арыс Ірілендірілген жол дистанцияларының әрқайсысына 2000 данадан келеді деп күтілуде.  – Белгі беру және байланыс дистанциялары бойынша Шымкентте 57, Арыста 71 кемшілік анықталған. Бұл саладағы ақаудың дені құрылғылардың ескеруінен болып отыр. Ал, мамандар көзге көрінетіндей қателік жібермеген. Шымкент Электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша 109 кемшілікті анықтадық.  Өрт қауіпсіздігін сақтауда  шөптерді шауып, бағаналарды уақытылы тазалау жағынан Монтайтас – Арыс телімінің бойы талапқа сай болмады. Сол себептен жауапты телім басшысына  қатаң ескерту бердік. Арыс жол дистанциясының байқауға дайындығы басшылардың көңілінен шықты. Шымкент жол дистанциясының  бас инженеріне, Электрмен жабдықтау дистанциясы мен  Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясы директоры орынбасарлары сөгіс алды. Тағы бір ойлантатын жайт, Шымкент жол дистанциясында кадр тұрақсыздығы бар. Жақында ғана 14 жолшыны жұмысқа алғанмен,  артынша сегізі қайтадан кетіп қалды. Уәждері айлық аз, жұмыс көп. Жолшылардың тұрақсыздығы жұмыстың сапасына әсер ете ме деп алаңдаймыз, – дейді Бердібай Сейсенұлы.

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді