«Командама риза болдым...»
Жуырда Қазақстан Ұлттық арнасының жобасы – «Білгірлер бәйгесіне» «Қазақстан темір жолы» компаниясының жастары қатысып, интеллектуалдық сайыста бақ сынағаны туралы жазғанбыз. Телешоу алдағы күндері Қазақстан телеарнасының сенбілік бағдарламасынан көрсетілмек.
«Қазтеміртранс» АҚ – Жүк вагондары операторы департаментінің менеджері Мақсат Кеңесбаев «ҚТЖ тарландары» командасының топ басшысы болды. Біз команда капитанына сайысқа қатысты бірнеше сауал қойған едік.
– Мақсат, «Білгірлер бәйгесі» сайысына қатысу ұнады ма сізге, жалпы жоба жайлы кеңірек айтып беріңізші...
–Ұлттық арнадан көрсетілетін аталмыш жобаның түсіріліміне сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында қатыстық. Жалпы жобаның, яғни бағдарламаның мақсаты – әр түрлі жастағы қоғам мүшелерінің ой-өрісін арттыру, бағдарлама арқылы түрлі саланы аудиторияға таныту болып табылады. Хабарға екі топ қатысады. Әр топтың бес мүшесі болады. Қатысушылар студенттер, оқушылар, түрлі мекеме қызметкерлері, мәселен банк, оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орындарының жұмыскерлері бір-бірімен топ болып өзара сайысқа түседі. Жоба қонағы теміржолшылар болған бұл жолғы сайысқа ҚТЖ сынды алып компанияға қатысты мекемелер мен филиалдарда еңбек етіп жүрген, Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген білікті мамандар қатысты. «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның намысын арқалап, Венера Ахметова, Ақмарал Байғабылова, Алдаберген Кемпірбаев, Дастан Абылов сынды жалынды жастар «ҚТЖ тарландары» деген топ құрып бардық. Әр сала бойынша жан-жақты дайындалғандықтан, 32 команда бақ сынасқан сайыста 2 кезеңнен сүрінбей өтіп, ең үздік деген 8 команданың құрамына ендік.
– Басты қарсыластарыңыз кімдер болды?
– Қарсыластарымыз да осал болған жоқ. «ҚазАгро» сынды компаниялардың қызметкерлері, Назарбаев, ҚазҰУ сынды оқу орындарының мамандары, «Болашақ» қауымдастығының мүшелерімен интеллектуалдық тур, видеосұрақ, қисынын тап, капитандар сайысы бойынша сынға түсіп, тарих тылсымы, аспан әлемі, ән мен күй, саясат сыры, техника тілі, жаратылыстану, кино және театр, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріп, ширек финалға өттік.
– Кімдер қолдау көрсетті?
–«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, жастар бастамасына қашан да қолдау көрсететін «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы, кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ, жалпы сайысқа қатысқан жас қызметкерлердің қай-қайсысы болсын еңбек ететін ұжым қолдаушымыз болды. Жастар саясатын жүзеге асыру жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп келе жатқан ҚТЖ-ның даңқын білетіндер өнерімізге қуана қол соқты. Тілектес болып, рухани демеу берген жанкүйерлерімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондай-ақ әр саланың мамандарын бір арнада «Білгірлер бәйгесінде» тоғыстырып, сайыстырған Ұлттық арна қызметкерлеріне, бізге жан-жақты қолдау көрсеткен ҚТЖ басшылығына ризашылығымызды білдіреміз.
– Команда капитаны болу қиын ба әлде оңай ма?
–Оңай немесе қиын деп айтпай-ақ қояйын, бірақ жауапкершілік жүгі өзгелерден салмақты болған соң біраз «терлеуге» тура келгені рас. Бұл тұрғыда сайысқа барын салған команда мүшелері – әріптестеріме шексіз риза болдым...
– «ҚТЖ тарландарын» алдағы уақытта да биіктерден көреміз деген үміттеміз?
–Рахмет, бұйыртса...
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды