Жер телімдері қайта қаралады

Жаңалықтар
25.05.2016, 16:08
Оқуға 2 мин
Кезінде темір жолдың жанынан заңды-заңсыз берілген жерлерге тұрғындар үй салған. Бүгінде әр шаңырақта мал мен жан көбейген сайын, іргелес жатқан болат жолда қауіпсіздіктің сақталмауы жиілеуде. Жылдан-жылға пойыздың адам басу дерегі көбейген сайын, теміржолшылар мен  құзырлы мекеме қызметкерлері бірлесіп, нақты іс-әрекетке көшуді қолға алуда. Осы мақсатта Шымкент жол бөлімшесінде аймақтағы магистральді желі бөлімшесінің бас инженері Мұрат Бидалиевтің төрағалығымен жиын өтті. Оған Шымкент пен Арыстағы жол, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларының бас инженерлері қатысты. Сонымен қатар, «ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалы мен Шымкент станциясындағы ІІЖБ қызметкерлері, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ОҚО филиалының басшысы, Шымкент көлік прокуратурасының аға прокуроры мен  Көліктегі бақылау инспекциясының ОҚО филиалындағы теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы келіп, күн тәртібіндегі жағдайды оңтайлы шешудің амалдарын ортаға салды. Негізгі тақырып, әрине – қауіпсіздік, жолға жақын үйлер мәселесі болды. Уақытында заңға қайшы орын алған бұл әрекет жыл өткен сайын қайта қарауды талап етуде. Екі сағатқа созылған жиында қос тарап өзара пікір алмаса отырып, теміржолға жақын  жерлерге  баспана мен кәсіпорындар салуға рұқсат берген қалалық әкімдік қызметкерлерінің үстінен сотқа арыз түсіретін болып келісті. Себебі, ендігі жерде көпті ойландырған ортақ мәселесін тек заң орындары ғана шеше алмақ. Одан кейін жол бойына салынуы жоспарланған барлық ғимараттарға заңмен тосқауыл қойып, қауіптің алу да нақты іспен атқарылатын болды.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды