Жолдарды ұзарту қажет
Түркістан станциясында осыдан 2-3 жыл бұрын ұзынқұрамды пойыздар жиі өтетіндіктен, станциялық жолдар оған тарлық қылатын. Бір ұзын пойыз үш жолды ұстап тұратындықтан, бекеттегі 4 жолды ұзартуға ұсыныс берілген.
Дегенмен, Жезқазған – Бейнеу темір жол ашылғалы, мұнда пойыздардың келуі азайып, ұзын пойыздар уақытша қиындық тудырмауда. Бұл бекетте 16 жолы бар, оның 6 жолында вагондар сұрыпталады. Қызылордаға кететін құрамды дайындағанда, әр разъезден қалдырып кету үшін вагондарды соңынан бастап құрайды. Жолай шағын станцияларға тоқтаған сайын машинист ағытып кетеді. Бұрнағы жылдары станцияда пойыз көбейгенде станция кезекшілері басқа жолға пойыз қабылдау үшін, ұзын пойыздардың вагонын ағытып, басқасына жалғап, кейін қайта өзіне қосып әуреге түсетін. Себебі, бұл бекеттегі жолдардың ең ұзыны 68 метрді құрайды. Қалғандары 57-58 метрге жетеқабыл. Ал ұзын пойыздар көбейгенде 71 метрге жетіп, жоғарыда айтқанымыздай, үш жолды жауып қалады. Қазір де жолдарды ұзарту жұмысы кейінге қалып отыр. Тек, бүгінде тастанды пойыздардың тоғытылып тұруы сирек болғандықтан, станцияға келетін ұзынқұрамды пойыздар да азайған. Себебі, Жезқазған – Бейнеу жолы ашылған соң, Түркістан арқылы өтетін пойыз саны 30 пайызға азайыпты. Яғни, 2015 жылы жүк пойыздарының келуі 2014 жылмен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген. Алдыңғы жылдары тәулігіне 13-14 пойыз қабылданып-жөнелтілсе, бетбақдалаға жол тартылған соң, бұл меже тәулігіне 7-8 пойызды көрсетуде.
– Жыл соңында пойыздарды Өзбекстанға өткізу қиындық тудырады. Қазірден өзбектер пойызды аз алып жатыр. Ал, Сарыағаштан тәулігіне 17-18 пойыз жөнелтуге дайын тұрады. Қаңтар-ақпанға дейін тастанды пойыздар көбейеді. Арыстың жолдары толып қалған соң, біздің пойыздар Ақтөбеге дейін, Түлкібастан Шуға дейін тоқтап тұрады. Оның экономикалық шығыны да бар. Қазір жағдай дұрысталғанмен, келешек үшін ұзын жолдар салыну керек. Өйткені, күні ертең тастанды пойыздардың қиындығы қайта айналып келгенде, станцияда пойыздар қаптап, келген құрамдарды қабылдау қиындық тудырады. Оның үстіне талапқа сай пойыз бағыттағыш бұрманың үстінде тұрмау керек. Бұл станция кезекшісінің жұмысына да қолайсыздық тудырады. Бір жылдан бері жаңа әдіске сай пойыздар 25-40 минуттан ғана аялдауда. Вагондардың жағдайын Арыс пен Шиеліде толықтай қарайтындықтан, біздің вагон қараушылар тек ауасын тексеріп жібереді. Бұрынғыдай әр дөңгелекті балғамен ұрып жүрмейді. Жүк пойыздарының тұруына 40 минут берілгенмен, Арыс станциясы уақытылы алмауына байланысты, біз вагонды ағытып, қайта жалғап әуреге түсеміз. Сөйтіп, 1,5-2 сағатқа дейін тұрып қалады. Ал сыр елінен еш кедергі жоқ, пойыздар зулап кетіп жатыр. Тіпті жолаушылар пойызы 15 минут қана бөгеледі. Станция кезекшісі де әр пойыздың тұру уақытын біліп отыратындықтан, келесісін қабылдау үшін қиналмай есептеп отырады. Түстен кейінгі ауысымның соңында пойыз көбейеді. Біздің станция кезекшілері қазір тек Арыстың жолдарында пойыздың толып қалуына байланысты қиналады, – дейді бекет бастығы Қадыр Сырлыбеков.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті