Жолшылар үшін мазасыз маусым келді
Қарашадан бастап қыс түскен еліміздің көптеген өңірлері бүгінде қармен күрес науқанына кірісіп кетті. Бір аптада бір айға жететін қар түскен Астана станциясы – тоғыз жолдың торабы болғандықтан ондағы пойыздар қозғалысының тоқтамауы және қауіпсіздігін басты назарда ұстау – теміржолшылар үшін басты міндет.
Бас қаланың теміржолына жауапты Ірілендірілген жол дистанциясының жолшылары -30 градус үскірік аязға қарамастан жол бойында, станциялар мен перегондарда, жолды, бағыттама бұрмаларын тазартып жүр. Астана станциясы тақ алқымындағы жолда 20 жылдық тәжірибесі бар аға жолшы Құмар Төкенов бастаған №4 телім жұмысшылары жұмыс істеуде. Қозғалысқа ең басты кедергі келтіретін бағыттама бұрмаларының араларына кіріп қата бастаған қарды тазалау – алдымен қолға алынатын шаруа. Олардың айтуынша, жұмыс екі түрлі жолмен жүргізіледі. Қолмен және автоматикалық. Қолмен күректер арқылы тазаласа, автоматикалық жолмен арнайы үрмелі шланг көмегімен рельс аралықтарының қарын үрлеп кетіреді. Автоматикалық тазалау бойынша жолшылардың бірі шлангқа ие болса, екіншісі, арнайы оқытылған белгі беруші қолына қызыл жалау алып, келе жатқан пойыздарды ескертіп тұрады. Бұдан басқа жолшылар жолдың қарын сыпырғымен сыпырып, күреп, алдымен бұрмаларды, сосын рельстің ұзына бойын және соңында жолдар аралығын қардан тазалап отырады.
Бүгінгі ауысымдағы жолшылар кешкі алтыға дейін жұмыс істеп, алтыдан тоғызға дейін жауапты адам аяқ асты тосын жайлар болып қалған жағдайларды қадағалау үшін қалса, кешкі тоғыздан таңға дейін екінші бригада келіп, тура осы жұмыстарды жасайды. Жұмысшылар керекті арнайы жұмыс киімдерімен, үсікке қарса майлармен уақытылы қамтамасыз етілген. Біздің №4 телімде жалпы 40-тан астам адам еңбек етеді, олар 6 бригадаға бөлінген. Мына сіз көріп тұрған жолшылар соның ішінде 6 және 12-ші аудандарға жауапты №4 бригада жолшылары. Түнде және тосын жағдай болғанда қосымша жұмысқа шыққаны үшін бәріне айлығына үстемақы төленеді, – дейді дистанция технигі Әлібек Мұстафин.
Сала мамандары жазда күн ыссыда рельстер арасы жақындап, ісініп, қыста қатты суықтан олардың арасы алшақтайтынын айтады. Жолшылар соны реттеп отыруы керек. Теміржол бойын, рельс аралықтарын қардан тазалап келе жатып жолшылар өздерінің басты қызметтерін де қоса атқарып, яғни, рельстердің шпалдармен біріккен тұсындағы болттарын қатайту жұмыстарын да жүргізіп отырады. Жолшылардың алды 20-25 жылдық тәжірибелері барлар болса, ең жастары жұмысқа келгендеріне 2-3 ай болған алғашқы қыстаушылар. Қызмет көрсету аумағы аса үлкен дистанцияда жолшылар 7 телімге бөлініп, жолдың барлық бөлігіндегі қарды күн-түн демей, демалысқа қарамай ауысыммен тазалап, күнделікті жұмыстарын да жүргізуді де қатар алып келеді. Қозғалыс қауіпсіздігі сенімді қолда болғандықтан Елордаға келіп-кетіп жатқан алыс-жақын жерлерге аттанатын темір тұлпарлар толассыз қозғалысын жалғастыруда. Ал солтүстіктің табиғаты тосын мінезге толы екені ескеріліп, алда мұнан да бетер қарлы боран болған кезге арнайы қар жинайтын және тазалайтын техникалар жол дистанциясы аумағында қатар тізіліп, өз қызметін көрсетуге дайын тұр.
Райхан РАХМЕТОВА, Астана
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті