Персоналды дамытуға талпыныс

Жаңалықтар
26.05.2016, 11:21
«ҚТЖ» ҰК» АҚ  қызметкерлерінің  кәсіби деңгейін арттыруда, дамытуда, әлеуеті мен сапасын бағалауда Астанадағы Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығынан бастап Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Тараз қалаларындағы оқу орындары үлкен қызмет атқарып келеді. Бүгін біз қазіргі заман талаптарына сай, соңғы үлгідегі техника-жабдықтармен жарақтандырылып, жылына бірнеше мыңдаған теміржолшының білім-біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік беріп отырған елордалық орталық директорының орынбасары Мәдина Әбдіроваға жолығып, мекеме жұмысы, жүзеге асырып жатқан жобалары, алға қойып отырған мақсат-міндеттері туралы әңгіме өрбіткен едік.   –Мәдина Әбубәкірқызы, орталық өткен жылғы жұмысын қалай қорытындылады? –Өткен жылы Компания тобының 27 мыңнан астам қызметкері оқытылды, соның ішінде, оқу орталықтарында 17 мыңға жуық өндірістік салада жұмыс істейтін еңбеккер 230 темір жол мамандығы бойынша білімдерін жетілдірсе, 17 мыңға жуығы мамандандырылған, міндетті және сертификатталған бағдарламалар бойынша біліктіліктерін арттырды. Мұнымен қатар тағылым беру және жас мамандарды еңбекке баулу сияқты шаралар жүзеге асты. Мәселен, Компания бойынша 1650 адам тағылымдамадан, ал 2015-і  стажировкадан өтті. Компанияға талантты жас мамандарды тарту үшін былтыр ЖОО және колледждердің үздік студенттеріне Компания президентінің 10 атаулы шәкіртақысы және 18 білім беру гранты бөлініп, Компания қызметкерлеріне «Магистратура»  бағдарламасы бойынша 3 грант, ал «Докторантура» бағдарламасы бойынша 1 грант берілді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ірі холдингтер мен ірі трансұлттық компаниялардың осы біздегідей корпоративтік оқу орталықтары бар екеніне көз жеткіземіз. Олардың тәжірибесін, Компанияның бизнесті трансформациялау бағдарламасын ескере отырып, персональды басқару бойынша үдеріс моделі жасалды. Ол персоналды оқыту және бағалау, іріктеу және іздеу сияқты функцияларды қамтитын, бірлескен қызмет көрсету орталығын құруды қарастырады. Осы ретте, аталған модельдің негізіне Орталықтың функциональдық қызметі алынғанын айтар едік, демек, осыған байланысты Орталықтың персоналды іздеу және іріктеудегі құзыреті күшейтіліп, кеңімек7 –Қазір жұмысқа қабылданған жас мамандардың біліміне басшылықтың көңілі толмай жататынын жиі естіп жатамыз. Мұның себеп-салдары не деп ойлайсыз? –Қазіргі таңда еңбек нарығында, жас мамандарды дайындау сапасы мен жұмыс беруші талаптарының арасында үлкен жіктің бар екені рас. Ал жас маманды практикалық кәсіби қызметке бейімдеу үшін жұмыс берушіге қыруар ресурс жұмсауына тура келеді. Бұл проблеманы шешудің әлемдік озық тәжірибесі ретінде, біліктіліктің тәуелсіз жүйесін атар едік. Яғни, ол жұмыс берушіге, әлеуетті қызметкер біліктілігіне қойылатын талаптар негізінде маманды дайындау сапасының критерийлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде білім беруді ұйымдастыруда оқу бағдарламаларының негізі болмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласында айтылғандай, мамандарға біліктілік атағын беру және растаудың тәуелсіз жүйесін құру туралы, құзіретті органдармен «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасы әзірленді, оған осы жыл ішінде қол қойылуда деп күтілуде. Осыған байланысты Орталықпен Компания базасында көлік саласы персоналын сертификаттау бойынша орган құруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл орган өз кезегінде  жұмысқа алу барысында жас мамандарды бағалаудың нақты жүйесін құруға және мамандарды дайындау бағдарламасын түзетуге мүмкіндік бермек. Сөйтіп, орталық жұмыс берушілер бекіткен талаптарға жұмыскердің сәйкес келуі жауапкершілігін өз мойнына алатын болады. –Темір жолда орын алып жататын апатты жағдайлар мен бақытсыздықтарға көбіне көп – адам факторы себеп болатыны екені айтылып жатады. Бұл мәселені шешуде Орталық қандай жұмыстар атқаруда? Сөзіңіздің жаны бар, қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі де, бұзылуы да теміржолшылардың білім-біліктілігіне, тәжірибесіне тікелей байланысты. Сондықтан қозғалыс қауіпсіздігі деңгейіне адам факторының ықпалын төмендету мақсатында, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігімен тікелей байланысты персоналды дайындау және іріктеу жүйесі жандандырылуда. Бұл үшін Орталықпен «адам факторы» бойынша үміткердің кәсіби жарамдылығын бағалауға бағытталған УПДК-МК бағдарламалық-аппараттық кешені жасалып отыр. Қазіргі кезде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігімен байланысты, қызметкердің біліктілік профиліне сәйкес келуін анықтау мақсатында,   Астана станциясының 89 еңбеккеріне пилоттық психологиялық тестілеу басталды. Осы пилоттық тестілеу нәтижелерін сараптай отырып, оны биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап бүкіл аймаққа тираждау көзделіп отыр. –Орталықта білімін жетілдірген мамандардың алған білім-ілімдері тұрақты түрде тексеріледі ме және ол қалай жүзеге асады? Әлбетте, біз  жұмысымыздың нәтижесін білуіміз керек қой. Персоналды оқытуға Компания шығындарын қысқарту және мамандардың алған білімдері мен тағылымдарын жұмыста тиімді пайдалануға бақылау  жасау мақсатында, Орталық еңбеккерлердің алған білімдерінің тиімділігін бағалау үшін жаңа әдістеме жасап шықты. Ол биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап енгізілетін болады. Әдістеме, тікелей басшының бағалауы мен қорытынды емтихан нәтижелері, мақсатты көрсеткіштерге қол жетімділік критерийлерін негізге алған бағалау жүйесін қарастырады. Бұл арада құрылымдық бөлімше басшысы, қол астындағы қызметкерінің алған білімдерін алға қойған мақсаттары мен оқу міндеттеріне сәйкес пайдалануына жауапкершілікте болады. Сөз орайы келгенде айта кетер бір жайт, персоналдың оқытылуын қамту деңгейін ұлғайту және тиімділікті арттыру үшін Компанияның ішкі жаттықтырушылары туралы Ереже бекітілді. Осыған орай, Компания қызметкерлері арасында  оларды әрмен қарай ішкі жаттықтырушылар ретінде дайындау үшін байқау жариялап отырмыз. Неге дейсіз ғой?! Ішкі жаттықтырушылар институты теміржолшыларды оқытуға кететін шығынды төмендетіп қана қоймай, тар шеңберде мамандандырылған тақырыптар бойынша  тәжірибені мейлінше тереңнен оқу есебінен оқудың тиімділігін арттыра түседі.  Осы реттте, ішкі жаттықтырушылар ретінде, Компанияның кадрлық резервінде тұрған қызметкерлер әлеуетін пайдалану көзделіп отыр. Ішкі жаттықтырушылар оқыту шараларын негізгі қызметке зиянын тигізбей, қосымша  жұмыс уақытында жүргізетін болады.  Сәйкесінше, ішкі жаттықтырушылардың бұл еңбектері елеусіз қалмайтыны анық. –«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның заманауи үлгідегі орталығын басқарып отырған басшының бірі ретінде, ел өңірлеріндегі оқу орталықтарының жұмысын қалай бағалар едіңіз? Бүгінде олар қаншалықты тиімді? Және қазіргі қаржылық заманында олар өздерінің «өмір сүруін» қамтамасыз ете алады ма? –Биылғы жылдың бірінші тоқсанында аймақтық оқу орталықтарының оқытушыларымен және жұмыскерлерімен өткізген көшпелі кеңес барысында, олардың өткен жылы атқарған жұмыс қорытындылары оң бағаланды. Осы ретте, оқу орталықтарының тиімді қызмет етіп отырғанын мына мысалдармен келтірейін. Бүгінде оқу орталықтарының Компания жұмыскерлеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерін оқытуға қатысты құзіретті орган тарапынан рұқсат берілген құқығы бар. Соның нәтижесінде, 6000 жуық адамның оқытылуы қамтылды, ең бастысы, ертеректе теміржолшыларды сыртқы ұйымдарда оқытуға және оқу үшін қызметкерлерді іссапарлауға кететін шығындар есебінен 342 млн теңгеге жуық ақша үнемделді. Сонымен қатар оқу орталықтары қазіргі нарық заманына бейімделіп, Компанияға қосымша кіріс тарту үшін сыртқы ұйымдарға білім беру қызметін көрсетуге қатысты жұмыстар жүргізуде, мәселен, «Қырғыз темір жолы» ҰК» МК, «Жол арна» ЖШС қызметкерлерін оқытуға келісімшарттар жасалды. Жыл соңына дейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, «Жол жөндеуші» ЖШС, «АралТұз» АҚ сияқты тағысын тағы кәсіпорындардың қызметкерлері оқудан өтпек.  Міне, осындай ізгі іс-шаралар оқу орталықтарына қазіргі қаржылық дағдарыстың қиындықтарынан сүрінбей шығуға сеп болады деген сенімдеміз. –Мәдина Әбубәкірқызы, соңғы сұрақ, заманауи үлгіде жабдықталып, уақыт ағымына сай жұмыс істеп жатқан оқу ордасында қазір қандай тың шаруалар қолға алынған, жалпы биыл персоналды дамыту бағытында қандай іс-шаралар жүзеге аспақ? –Персоналды оқыту барысында заманауи құралдарды пайдалану мақсатында, «Транстелеком» АҚ-мен бірлесе қашықтан немесе дистанциялық оқытуды енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы пилоттық жоба аясында, теміржолшыларды «Өнеркәсіптік қауіпсіздік», 10 сағаттық оқыту бағдарламасы бойынша оқыту жоспарланып отыр. Бұл жоба, аймақтағы теміржолшыларды оқудан өту үшін іссапарға жіберу шығындарын қысқартып, ел өңірлеріндегі барлық теміржолшыны қамтитын  біліктілікті арттыру курстарын кең ауқымда орталықтандырмақ. Заман талабына сай, оқыту материалын инновациялық тұрғыдан тартудың бір тәсілі ретінде 3D модельдеуді атар едік. Осы бағытта Орталық оқытушыларының атқарып жатқан еңбегі зор. Олар ZK1 жүк вагоны арбашығының моделін жасап шықты, ол вагон арбашығының құрылымын толық меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Бұдан әрмен қарай, бұл жасалған бағдарламаны деполық вагон нұсқамасына жеткізу жоспарланып отыр. Ал бүгінде ТЭ33А сериясындағы тепловоздың, KZA, KZ8А, АТ электровоздарының, Тальго вагондарының қозғалтқыш бөліктерінің, ZK1 жүк вагоны арбашығының  құрылымдарына қатысты интерактивті бағдарламалары әзірлену үстінде. Оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізе отырып, біз оқыту тиімділігін және жұмыскердің оқып жатқан пәніне көңіл бөлуін арттырамыз. Орталық биыл да кадрлар дайындығы жүйесінің сапасын арттыруға және жетілдіруге қатысты жұмыстарын белсенді жалғастыратын болады. Осыған байланысты, алдына бірқатар мақсат-міндеттер қойып отыр. Олар жоғарыда атап өткеніміздей, қашықтан оқыту, оқу тиімділігін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу, оқудан өтетін сырттан ұйымдарды көптеп тарту, Жол картасы шеңберінде Компанияны трансформациялау бағдарламасының шараларын жүзеге асыру, тағысын тағы жұмыстарды атқару көзделуде. –Әңгімеңізге рахмет!

Сұлугүл БАКЕСОВА  

 
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты