Темір жол тарихын оның басылымысыз елестете алмаймын

Жаңалықтар
26.05.2016, 11:51

Кулахмет тем¦рбеков

Темір жол саласындағы  жылт еткен жаңалықты жазып отыратын  «Қазақстан теміржолшысы» газетінің кешегі және бүгінгі ұжымын басылымның 85 жылдығымен құттықтаймын!  Осынша жылдан бері теміржолшылармен бірге жасасып келе жатқан басылым шын мәнінде темір жолдың ажырамас бір бөлігіндей болып кеткені анық. Саланың өткен-кеткен тарихы да осы басылымның арқасында қаттаулы. Менің  салалық басылыммен байланысым сонау Алматы темір жолының «Новь Турскиба» – «Түрксіб тынысы» газеттерінен басталды. 1990-2009 жылдар арасында үзбей мақала жазып тұрдым.  Жас кезімізде телім бойын тексеру үшін Мойынты, Шуға дейін барып, ондағы жұмыстың жайын, қордаланған мәселелерді көріп, соны бірлесіп шешу үшін газетке мақала беретінбіз, жол шаруашылығына енген жаңалық, техникалар, маман-кадрлар проблемасы, тіпті жол бойының қызықты оқиғалары, аға теміржолшылардың ғибратты өмір жолы,  т.т. газет бетінде жарық көріп, елдегі теміржолшылар арасында үлкен сұранысқа ие болатын. Сынайтын кезде сын мақала да жаздық. Бүгінде  зейнет демалысындағы мен қазіргі ақпарттық техниканың, интернет, телефоннан бастап небір дамыған түрі шыққан заманында теміржолшылардың төл газетін қаншалықты оқитынынан хабарсызбын. Ал біздің кезімізде әріптестерім алдымен осы газетті ашып, күнделікті жағдаймен танысып, жұмысын бастайтын.  Темір жол – елдің күре тамыры болғандықтан, бұл газеттің де көтерер жүгі жеңіл емес. Сондықтан, «Қазақстан теміржолшысы» газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілеп, ғұмыры ұзақ болсын деп тілек айтамын.  

Құлахмет ТЕМІРБЕКОВ, сала ардагері, Құрметті теміржолшы

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты