Тарих беттерінен...
Жаңалықтар
26.05.2016, 11:57
Құрметті оқырман, алдағы уақытта төл газетіміздің өткен тарихынан сыр шертетін қызықты ақпараттар мен мақалалардан үзінділер жариялап отырмақпыз.
Газеттің 1998 жылдың 9 желтоқсанындағы №22 нөмірінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Бекзаттар Дінәсілов 72 жастағы зейнеткер Зейнеп Мұқашеваның аналық алғысын жеткізеді. Қостанайлық оқырман өз хатында қызы Гуляның балалықпен үйден кетіп қалып, Алматы вокзалында сенделіп жүрген жас қызды вокзал кезекшісі Ғалия Қалиақпарова Қостанай пойызының жолсеріктеріне табыстап, салып жібергені жөнінде баяндап, адам тағдырына бей-жай қарамайтын темір жол қызметкерлеріне аналық алғысын білдіріпті.
Өткен жылдары баспасөз бетінде темір жол саласының тыныс-тірлігімен қатар өнегелі әрі сықақ әңгімелер де, өлең-жырлар да жиі жарияланып тұрған екен. Сондай әңгімелерден үзінділерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Сондай-ақ, сол жылдары ай сайын газеттің соңғы беті теміржолшылар шығармашылығына арналыпты. «Теміржолшылар шығармашылығы» атты айдармен Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет ететін теміржолшылардың өлең-жырлары, әзіл әңгімелері тұрақты түрде жарияланып тұрған. Газет тігінділерін парақтай келе, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің өз қолтаңбасымен жазған лебізін де кездестірдік. «Алланың берген абыройлы ғұмырында менің алғашқы қуанышым осы темір жолмен тығыз байланысты... Поезд үш тәулік жүрді. Бірнеше самаурын шәй іштік. Ақыр аяғында жаңа ғана жауып өткен өткінші жаңбырдан тап-таза болып тұрған көгілдір Алматыға да жеттік. Қырық-отыз күннен кейін ең жоғарғы оқу орнының заңды студенті атанып, екінші бір поезбен ауылшаруашылығы жұмысына яки шөп шабуға жүріп бара жаттық. Күрделі оқу, ауыр емтихандардан кейін әжептәуір титықтап ашыққан жүдеу студенттер үшін поезд дегенің көліктің көкесі. Жолдағы үш күндік ұзақ ұйқыдан кейін өзіңе өзің келіп, біраз өңің кіріп қалады. Со жылдардан бері өз басым поезды, поездағы тербелген тәтті ұйқыны сұмдық жақсы көремін. Содан да болуы керек, жастау кезімде төрт-бес адамнан тұратын отбасы-жанұямды жаныма алып, қара теңіз бойына да сол теміржолмен барып қайтқанмын.
Бір өзі жарты әлемді жалпағынан құшақтап жатқан қазақ даласы поезд болмаса не істер еді? Теміржол сол сахара даланың айқыш-ұйқыш күре тамыры тәрізді. Теміржолшылар біздің негізгі тілектестеріміз. Ел мен елді, туыс пен туысты жалғастырып тұрған басты дәнекерлешілеріміз. Олардың жай-күйін біліп отыру – бүкіл Қазақстанның жай-күйін біліп отыру деп ұғамын. «Қазақстан теміржолшысы» маған сол үшін қажет және сол үшін қымбат!», – деп жазыпты халық жазушысы.
Дайындаған Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды