Тасқа басылған тарих
Жаңалықтар
26.05.2016, 12:14
Темір жолда еңбек еткен қырық жыл ғұмырымда серік болған «Қазақстан теміржолшысы» газетінің биыл 85 жылдық мерейтойы аталмақ. Осы уақыт ішінде темір жолмен қатар шығармашылық ұжымда неше толқын ауысып үлгергеніне газеттің сарғайған тігіндісін ақтарып отырып көз жеткізуге болады. Мысалы, Қазақстандағы үш жол бірігіп ҚТЖ құрылғанға дейін әр жолдың өз газеті болды. Бізде батыс аймаққа тарайтын «Болат жол» салалық газеті жарық көріп тұрды. Кешегі кеңес кезінде сол газеттті әрбір теміржолшы жаздырып алып, оның бетінде жарық көретін небір даулы, сыни мақалалар қалың теміржолшылар арасында пікіртаслас тудырып жататыны есімде. Сол әдетпен бүгінгі таңда да біз, байырғы теміржолшылар төл газетіміздің әр нөмірін асыға күтуді дағдыға айналдырғамыз. Сондықтан темір жол баспасөзінің заңды мұрагері болып табылатын «Қазақстан теміржолшысы» газеті 85 жылдық мерейтойын атап өтеді дегенді естігелі елеңдеп, алғашқылар қатарында құттықтауды жөн көрдік. Газеттің шығармашылық ұжымына табыс тілеп, әрқашан теміржолшылар көңілінен шыға біліңіздер демекпіз.
Қазбек Рахметов, Қызылорда жол бөлімшесі ардагерлер кеңесі төрағасы
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды